07:38 27 Ақпан 2021
Тікелей эфир
  • USD417.02
  • EUR505.51
  • RUB5.59
Фото

Мәскеуде өткен ХХІІ Олимпиада ойындары қалай ашылды – таңғажайып суреттер

Қысқа сілтеме алу
40810
  • Лужники стадионында XXII олимпиада ойындарының ашылу салтанатында спортшылар өнерінің арқасында жарқын әрі есте қаларлықтай жағдайда өтті.
  • Олимпиаданың ашылу салтанатында Италия ұлттық олимпиада комитетінің өкілі жалауды көтеріп келеді.
  • Крылатское стадионына Гоша деп аталатын аю велоспорт бойынша олимпиада жарыстарының ашылу рәсіміне қатысты.
  • ХХІІ жазғы олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Лужники ашық стадионына Олимпиада алауы жеткізілген сәт.
  • Бүгінде мұндай кескінді пиксельді деп атауға болар еді. Қырық жыл бұрын әрбір пиксель арқылы таңғажайып жанды суретті қолмен жасаған адамдар.
  • АҚШ жанкүйерлері Мәскеуде өткен олимпиада ойындарының ашылу салтанатында өз елдерінің туын желбіретті. Ресми деректер бойынша КСРО астанасына шамамен үш мың америкалық келді.
  • Лужники стадионындағы олимпиаданың салтанатты ашылу шарасында шеңбер мен жалаулардан фантастикалық гүлдер жасалып, керемет жанды пирамидалар көтерілді.
  • Мәскеуде өткен XXII олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Халықтар достығы би сюитасы Кеңес одағының тарихы туралы ғана емес, сонымен қатар әлемдегі ең үлкен ұлттардың мәдени әртүрлілігін паш етті.
  • Қонжықтар биі – мерекенің жас қатысушылары олимпиадалық Мишка киімімен ХХІІ олимпиада ойындарының салтанатты ашылуында өнер көрсетті.
  • Мәскеудегі олимпиаданың салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан еріктілердің үйлесімді іс-әрекеттері арнайы эффектілер арқылы фантастикалық машина жұмысы ретінде керемет әсер қалдырды.
  • Олимпиада–80 қонақтарын КСРО-ның он бес республикасының өкілдері қарсы алды.
  • Ежелгі храм аясындағы Мәскеуде өткен XXII олимпиада ойындарының алауы. Гера ғибадатханасының ескі баспалдақтарының басқыштарында Олимпия алауы 1980 жылдың 19 маусымында жағылды. Ал оны Мәскеуге спортшылар алып келді.
  • Мәскеудегі XXII жазғы олимпиада ойындарының ашылуы кезінде мерекелік шеруге қатысушылардың спорттық келбеттері мен түрлі-түсті жалау ұстап нық басқан қадамдары көрермендерге айрықша әсер сыйлады.
  • Лужники стадионындағы XXII Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында олимпиада отаны – ежелгі Грекияға тағзым ретінде, тога мен хитон киген кейіпкерлері бар күйме көрермендерді жағалай жүріп өтті.
© Sputnik / Vladimir Vyatkin
Лужники стадионында XXII олимпиада ойындарының ашылу салтанатында спортшылар өнерінің арқасында жарқын әрі есте қаларлықтай жағдайда өтті.

Мәскеу олимпиадасының салтанатты ашылуы – спортшылар жасаған фантастикалық пирамида мен рухты оятып, жігерді жанитын әнұранымен таңғажайып жағдайда өтті

Қырық жыл бұрын Мәскеу олимпиадасының тұмарына айналған – сүйкімді қонжық Миша – жер шарына кеңінен таныла түсті.

Оның төсбелгілер мен плакаттарда, кинотеатрлар мен телеэкрандарғы күлімсіреген бейнесі олимпиадалық қозғалыстың негізгі ұстанымы – ізгілік пен өзара көмектің және адал бәсекенің белгісіндей болып көрінді.

Мәскеудегі олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Лужники ашық стадионындағы арнайы трибунада еріктілер мыңдаған түрлі түсті элементтерден қонжық бейнесі – "жанды" суретті қолмен жасады.

Ал стадионның орталық алаңында жүздеген спортшы мен гимнаст, биші, музыканттар сол кездері адам денесі арқылы жасау мүмкін еместей көрінетін ғажайып өнерімен көрермендерді таң қалдырды.

Мәскеу олимпиадасының ашылуы салтанаты қалай өткенін суреттерден тамашалаңыз.

Кілт сөздер:
фото
Загрузка...

Басты тақырып