19:08 22 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD427.93
  • EUR506.71
  • RUB5.55
Фото

Карантиннен жүгіруге дейін: қазақстандықтар саябақта спортпен айналыса бастады – фото

Қысқа сілтеме алу
200 0 0
  • Саябақтар мен гүлзарларға барлық жастағы астаналықтар жаттығу жасау үшін шықты.
  • Қала тұрғындары карантин кезінде қозғалыс белсенділігін сағынып қалғаны соншалық, жүгіруге арналған жолдар толып қалды.
  • Тіпті спортты ұнатпайтындардың өзі қазір жанкүйерлер қатарына қосылды.
  • Көптеген адам таразыға тұрып, оқшаулау кезінде артық салмақ қосып алғанын көріп шошып кетті.
  • Оқшаулау режимінің орнын тамақтан өзін тию мен спортпен айналысу басты. Фотода: жастар Нұр-Сұлтан саябағында жүгіріп жүр.
  • Тіпті ауа райы мен көктем астана тұрғындарына уақытты таза ауада өткізуге мүмкіндік жасап отыр. Саябақтарда жұпаргүл аңқып, алма ағашы гүлдеп тұр, сондай-ақ, балғын қылқан иісі аңқып тұр. Фотода: астаналықтар саябақта жаттығып жатыр.
  • Көп ұзамай жаз келеді, сол себепті сырт келбеті жақсы қалыпта болу қажет. Өзін құрметтейтін ханымдар спорттық киімге көшті.
  • Балалардан қарттарға дейін спортпен айналысып жатыр, егде жастағы аталар мен әжелер, ересектер мен жасөспірімдер, балалармен бірге жүрген отбасылар да бар. Фотода: Нұр-Сұлтан саябағында жүгіріп жүрген егде жастағы спортшы.
  • Кішкентай алматылық спортшы да анасымен бірге жаттығуға шықты.
  • Саябақтар мен гүлзарларда сымбатты бойжеткендер белсенді жаттығу жасап жатыр.
  • Келбеті мен кескінін ынта салып қадағалайтын қыздар сымбаты үшін бүтін бір марафон ұйымдастырады. Фотода: алматылық сымбатты бойжеткен шпагатқа отырды.
  • Боксшылар да топ болып жиналып, таза ауада жаттығу өткізіп жатыр.
  • Ал бұл қалалықтар арасындағы спорт әуесқойларының тобы сияқты.
  • Олар спорттағы жетістіктеріне өздері де таңғалып жатқан болар.
  • Велосипедшілер саябақ аймағындағы арнайы жабдықталған веложолдарды жақсы көріп қалды, олар сол жерді сағаттап айналып жүр.
  • Бұлшықетті спортзалға бармай-ақ шынықтыруға болады, тек ниет болса болғаны. Фотода: алматылық карантин жеңілдетілген соң таза ауада дайындалып жатыр.
  • Кешкі уақытта жеңіл атлетикамен айналысып, сырт келбетті қайта қалпына келтіруге болады.
  • Ал кей адамдар алақанын күнге жайып не болмаса астана аспанына көтеріп, шөпте отырып йогамен айналысуды, медитация жасауды ұнатады.
  • Кейбірі үй жануарымен бірге жүгіруге шықты.
© Sputnik / Владислав Воднев
Саябақтар мен гүлзарларға барлық жастағы астаналықтар жаттығу жасау үшін шықты.

Төтенше жағдай режимі алынып, карантин шаралары жеңілдетілгеннен кейін Нұр-Сұлтан мен Алматы тұрғындары спортпен белсенді айналыса бастады.Қалалық саябақтар, гүлзарлар мен жағалаулар дене шынықтырумен айналысатындарға толды. Біздің фотолентаны көріңіз!

Балалардан қарттарға дейін, ата-аналарымен бірге балалар, ақсақалдар мен келбетті бойжеткендер, сонымен қатар бұған дейін спорт нысандары мен спорт шараларын айналып өтіп жүрген  қарапайым азаматтар – барлығы белсенді және салауатты өмір салтын ұстанатын жақтаушы мен фанатқа айналды.

Карантин кезінде төрт қабырғада отырған, траектория мен қозғалыс қарқындылығы аз болған тұрғындар спортпен айналысуға қуана кірісіп кетті.

Тұрғындар арасындағы спорттағы бұл қарқын қала саябақтарында анық байқалады, әсіресе кешкі уақытта жүгіру жолдары мен велосипед жолдарында, арнайы жабдықталған алаңдарда, жай ғана жасыл желекте отырып адамдар топпен әрі жалғыз жүріп те белсенді түрде жаттығу жасап жатыр.

Sputnik Қазақстан фототілшілері Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларындағы жағалау мен саябақтарды аралап, тұрғындардың спортпен шұғылданған сәтін көріп қайтты.

Кілт сөздер:
саябақ, спорт, карантин
Загрузка...

  • Тұз көлі
    Последнее обновление: 22:02 21.10.2020
    22:02 21.10.2020

    Түркиядағы көлде тұз қалай өндіріледі – таңғажайып суреттер

    Ежелгі гректер оны Фригия теңізі деп атаған. Ол ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра нысандарының тізіміне енген. Көлемі жағынан Түркиядағы екінші үлкен  көл – Тұз елдің орта тұсында, Анкарадан 150 шақырым жерде, Анадолының орталығында орналасқан

    98
    8
  • Тайвань орталығындағы Хэхуань тауының үстіндегі құс жолы
    Последнее обновление: 16:56 20.10.2020
    16:56 20.10.2020

    Жұлдызды аспан: жер шарының әр түкпірінен түсірілген 10 таңғажайып сурет

    Біздің топтамамыздан көктегі жұлдыздарды тамашалауға мүмкіндік беретін ғажайып жерлерді көруге болады. Ендеше Sputnik фототаспасын тамашалаңыздар

    94
    10
  • Кинолог Шереметьеводағы Аэрофлот әуе компаниясы кинологиялық бөлімшесінің шалайка тұқымдас қызметтік иттердің бірімен. Кинологтар иттерді адамдардан коронавирус инфекциясын анықтау мақсатында үйрете бастады. Ғалымдар биологиялық үлгілердің иісін мүмкіндігінше сақтау, материалдың өзін қауіпсіз ету үшін радиологиялық әдіспен науқастардан алынған коронавирусты инактивациялау параметрлерін жасады. Енді осы үлгілерде қызметтік иттерді жаттықтыруда.
    Последнее обновление: 17:13 12.10.2020
    17:13 12.10.2020

    Иттер коронавирусты иіс арқылы анықтауға үйретілуде – фото

    Коронавирусты жедел диагностикалық құралдар арқылы анықтау бүкіл әлемдегі өзекті мәселелердің біріне айналуда. Қан сынамасын алу мен ПТР тестін тапсырудан бөлек, көптеген елде коронавирусты анықтау үшін өзгеше әдіс қолданыла бастады. Оған қызметтік иттер тартылады

    146
    11
  • Хаски тұқымдас иттің көзі
    Последнее обновление: 17:05 30.09.2020
    17:05 30.09.2020

    Құстар мен жануарлардың көзі бейнеленген 12 таңғажайып сурет

    Заманауи фототехниканың мүмкіндігі көп. Солардың бірі – кез келген дүниені сурет арқылы ұлғайтып көрсету тәсілі. Осы әдісті өз кәсібилігімен шебер шендестірген армян фотографы Сурен Манвелян түрлі жануардың көз ұясын үлкейтіп көрсететін суреттердің коллекциясын жинайды

    328
    12

Басты тақырып