23:31 04 Желтоқсан 2020
Тікелей эфир
  • USD422.87
  • EUR512.10
  • RUB5.63
Фото

Радиациядан коронавирусқа дейін: бетперденің эволюциясы – тарихи суреттер

Қысқа сілтеме алу
863 0 0
  • 1938 жылы Англияның Хакни қаласында аулаға серуендеуге шыққан балалар әуе шабуылынан сақтану үшін газдан қорғану маскаларын киіп жүрді.
  • 1957 жылы Гамбургте радиоактивті химикаттардан қорғаныс құралы  ретінде осындай бетке арналған маска ұсынылды.
  • 1940 жылы Лондонда тіпті аттарға да газға қарсы маскалар кигізілді. Жануарлар осылайша газ шабуылынан қорғалды
  • 1954 жыл. Бейжің көшелеріндегі қорғаныс маскаларын киген адамдар.
  • Балалар дулығасы ретінде танылған, екі жасқа дейінгі бүлдіршіндерге  арналған газдан қорғану маскасы. 1939 жылы 13 наурызда Лондондағы Холборн әкімдігінде алғаш рет көрсетілді.
  • 1942 жылы Детройтта студенттерге газдан қорғану маскалары сыналды. Қажет жағдайда АҚШ оларды тексеруден кейін ғана қолдануға сенімді болды.
  • 1941 жыл. Маниладағы бомбадан қорғану жолында газға қарсы маскалар киген филиппиндіктер.
  • Улы тұмша – 1952 жылы желтоқсанда Лондондағы ауаның ауыр ластануы. Бұл негізінен қала аспанында көмір түтінінен құралған ауаның қалың қабаты еді. Суретте қорғаныс маскасындағы британдық полиция қызметкері бейнеленген.
  • 1942 жылы Балтимордан келген химик Вернон А. Бауэрс үй өндірісінде газға қарсы маска жасады. Бұл құрылғы тиімді болды деп болжау қиын, бірақ оны ғалымның өзі белсенді түрде киіп жүрді.
  • 1948 жылы Хиросимада жарылған бомбаның радиациялық әсерінен қорғайтын бетперде киген балалар.
  • 1965 жылы Beatles тобының мүшелері Манчестердегі Эй-Би-Си кинотеатрында өнер көрсету үшін түтінге қарсы қорғаныс маскаларымен келді.
  • Канадада 1979 жылы химиялық заттар тиеген пойыз апатқа ұшырады. Оқиға кезінде 220 мың тұрғын эвакуацияланды. Миссиссога қаласындағы оқиға орнында газдан қорғану маскасын киген ер адам.
  • Тұмау – әлемдегі кең таралған вирустық аурулардың бірі. 1970 жылы Лондон кеңселеріндегі адамдар тұмау эпидемиясы кезінде қорғаныс маскаларымен жұмыс істеді.
  • 1943 жыл. Ағылшын госпиталіндегі қорғаныс маскаларын киген медбикелер.
  • 1980 жылы мамырда АҚШ-тың Вашингтон штатында Сент-Хеленс жанартауының атқылауын көруге үш жүзге жуық адам жиналды. Бірақ, адамдар әдемі көріністің орнына, атқылаған жанартау күлінен нағыз тозақты көреміз деп күтпеді. Қандай жағдай болса да, адамдар арасындағы сүйіспеншілікке шектеу жоқ. Суретте қорғаныс маскаларын киген мектеп оқушылары.
  • АҚШ, 1970 жыл. Газға қарсы маска киген студент Жер күніне арналған  демонстрация кезінде гүл иіскеп тұр.
© AP Photo
1938 жылы Англияның Хакни қаласында аулаға серуендеуге шыққан балалар әуе шабуылынан сақтану үшін газдан қорғану маскаларын киіп жүрді.

Бетперделер мен респираторлар коронавирус пандемиясының символына айналды. Әр кезеңдерде әлемнің түкпір-түкпіріндегі бетперделер қандай болғанын Sputnik ұсынған фоторепортаждан тамашалаңыз

Соңғы бірнеше айда коронавирус жер шарының келбетін толығымен өзгертті. Миллиондаған адамды үйде отыруға мәжбүр етіп, медициналық маскалар мен қолғаптарды және антисептиктерді әлемдегі ең танымал тауарларға айналдырды.

Алайда, тарихта адамдарды жеке қорғаныс құралдарын қолдануға мәжбүрлейтін оқиғалар бірнеше рет болған. Мысалы, бомбалау, химиялық шабуылдар, тұмау эпидемиясы, түтін. Көп жағдайда адамдар өздерінің тыныс алу жолдарын қолдан жасалған құрылғылармен қорғаған.

Мысалы, әрбір кеңестік мектеп оқушысы мақта-дәке таңғышын – азаматтық қорғаныс сабақтарында жасауды оқып, үйренді. Оны қауіп-қатерлерден қорғаудың қарапайым құралы ретінде танып, білді.

Наурыз айының ортасынан бастап Қазақстанда төтенше жағдай жарияланды. Елдегі қалалар карантинге жабылып, ал бетперде режимі барлық тұрғын үшін міндетті болып табылды. 30 наурыз бен 6 сәуір аралығы елордада жұмыс істемейтін апта ретінде жарияланды. Көптеген кәсіпорынның жаппай өндіруге кіріскеніне қарамастан, қазақстандықтар қорғаныс құралдарының жетіспеушілігіне тап болды.

Кілт сөздер:
коронавирус, бетперде, радиация
Загрузка...

Басты тақырып