Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Домбыра, күнбағыс майы мен кептірілген картоп: түрмеде тағы не өндіріледі? - фото

Жазылу
Қазақстанда сотталғандар жасаған кейбір тауарлар Ресейдің Мәскеу қаласына дейін тасымалданады

Бүгінде Қазақстанның әрбір түрмесінде арнайы цех бар. Ол жерде сан алуан бұйымдар жасалады. Сотталғандар күнделікті тамаққа қажетті күнбағыс майына дейін, тіпті кептірілген картопты өздері шығарып отырады. Ал олардың қолымен жасалған кейбір өнімдер Мәскеу қаласына да тасымалданады. Толығырақ Sputnik Қазақстан фотолентасынан тамашалаңыз. 

Тағы оқыңыз: Ең сұлу қылмыскер әйел анықталды - фото

Түрмелерде киім тігу жақсы дамыған. Бүгінде республика бойынша 25 мың адам жазаны өтеп жүр. Олардың бәріне түрме цехтары киім тігеді. Бұдан бөлек, сотталғандар қауіпсіздікке жауапты 9 мыңға жуық қызметкерді де киіндіреді.

Түрме қызметкерлеріне ғана емес, оқушылар, дәрігерлер мен құрылысшыларға, тіпті балаларға арналған киімдер тігіледі. Әрине, сотталғандар алдымен өз қажеттіліктерін өтейді. Ал одан артылғаны сатылымға шығарылады.  

"Біз шетелдік өнімдермен бәсекелесуді көздеп отырған жоқпыз. Негізгі мақсат – ыңғайлы әрі қолжетімді өнім жасау. Мәселен, церебральды сал ауруына шалдыққан балалардың таянышын 25 000 мың теңгеге жасап беруге болады. Жүріс арбасы да солай", - деді "Еңбек" РМК өндірістік бөлімінің бас маманы Олег Ляхов Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұқбатында.

Түрмелерде металдан сан алуан конструкция жасалады. Соның ішінде темір есіктер, қақпалар, споттық жаттығу құралдары, темір павильондар, тіпті автобус аялдамалары да бар. Сотталғандардың қолымен жасалатын өнімдер Ресей астанасына дейін тасымалданады.

Тағы оқыңыз: Арқалықтағы "қасапшылар түрмесіне" алғаш рет әйел түсті

Бұдан бөлек, жарманың түр-түрі, кептірілген жемістер, тіпті фри-картобы да әзірленеді.

"Мысалы, Қарағандыда кептірілген картоп жасайды. Сотталғандар оны алдымен турайды. Одан кейін кептіреді. Ондай өнімді ұзақ сақтауға болады. Сосын кез келген уақытта алып, қуырып, пісіріп жейді", - дейді Ляхов.

© Sputnik / Арман АсқарБүгінде республика бойынша жиырма бес мың адам жаза өтеп жүр. Олардың киімдері түрме цехында тігіледі. Бұдан бөлек, сотталғандар қауіпсіздікке жауапты тоғыз мыңға жуық қызметкерді киіндіреді
Бүгінде республика бойынша жиырма бес мың адам жаза өтеп жүр. Олардың киімдері түрме цехында тігіледі. Бұдан бөлек, сотталғандар қауіпсіздікке жауапты тоғыз мыңға жуық қызметкерді киіндіреді

 - Sputnik Қазақстан
1/16
Бүгінде республика бойынша жиырма бес мың адам жаза өтеп жүр. Олардың киімдері түрме цехында тігіледі. Бұдан бөлек, сотталғандар қауіпсіздікке жауапты тоғыз мыңға жуық қызметкерді киіндіреді
© Sputnik / Арман АсқарОл жерде түрме қызметкерлеріне ғана емес, оқушылар, дәрігерлер мен құрылысшыларға, тіпті балаларға арналған киімдер тігіледі
Ол жерде түрме қызметкерлеріне ғана емес, оқушылар, дәрігерлер мен құрылысшыларға, тіпті балаларға арналған киімдер тігіледі - Sputnik Қазақстан
2/16
Ол жерде түрме қызметкерлеріне ғана емес, оқушылар, дәрігерлер мен құрылысшыларға, тіпті балаларға арналған киімдер тігіледі
© Sputnik / Арман Асқар
Әрине, сотталғандар алдымен өздеріне қажетті киімді тігеді. Ал одан артылғаны сатылымға шығарылады

Әрине, сотталғандар алдымен өздеріне қажетті киімді тігеді. Ал одан артылғаны сатылымға шығарылады - Sputnik Қазақстан
3/16

Әрине, сотталғандар алдымен өздеріне қажетті киімді тігеді. Ал одан артылғаны сатылымға шығарылады
© Sputnik / Арман АсқарКиімнен бөлек, көрпе-жастық, орамал, қолөнер бұйымдары, қолғап, баскиім, шұлық және тағы басқа тауарлар бар. Өнім өндірудің нақты нормасы қарастырылған. Осыдан аспау керек. Дегенмен, ол норманы ұлғайтса, бұдан да көп өнім шығаруға мүмкіндік бар
Киімнен бөлек, көрпе-жастық, орамал, қолөнер бұйымдары, қолғап, баскиім, шұлық және тағы басқа тауарлар бар. Өнім өндірудің нақты нормасы қарастырылған. Осыдан аспау керек. Дегенмен, ол норманы ұлғайтса, бұдан да көп өнім шығаруға мүмкіндік бар - Sputnik Қазақстан
4/16
Киімнен бөлек, көрпе-жастық, орамал, қолөнер бұйымдары, қолғап, баскиім, шұлық және тағы басқа тауарлар бар. Өнім өндірудің нақты нормасы қарастырылған. Осыдан аспау керек. Дегенмен, ол норманы ұлғайтса, бұдан да көп өнім шығаруға мүмкіндік бар
© Sputnik / Арман АсқарТүрмеде аяқкиім де шығарылады. Ондай тауарлар нағыз былғарыдан жасалады. Бағасы да қолжетімді. Мәселен, туфлиді 10-12 мың теңгеге сатып алуға болады
Түрмеде шығарылатын аяқ киім - Sputnik Қазақстан
5/16
Түрмеде аяқкиім де шығарылады. Ондай тауарлар нағыз былғарыдан жасалады. Бағасы да қолжетімді. Мәселен, туфлиді 10-12 мың теңгеге сатып алуға болады
© Sputnik / Арман АсқарНағыз киізден жасалатын пима да бар. Ондай аяқкиімге қалада көп сұраныс болмауы мүмкін. Бірақ ауыл адамдары үшін нағыз керек нәрсе
Түрмеде шығарылған пима - Sputnik Қазақстан
6/16
Нағыз киізден жасалатын пима да бар. Ондай аяқкиімге қалада көп сұраныс болмауы мүмкін. Бірақ ауыл адамдары үшін нағыз керек нәрсе
© Sputnik / Арман АсқарМедициналық құрал-жабдықтарды шығаруға болады. Аршалы аудандық ауруханасы церебралды сал ауруына шалдыққан балалардың таянышын жасап беруді сұраған. Сотталғандар оны да жасап шықты
Түрмеде жасалған балалардың таянышы - Sputnik Қазақстан
7/16
Медициналық құрал-жабдықтарды шығаруға болады. Аршалы аудандық ауруханасы церебралды сал ауруына шалдыққан балалардың таянышын жасап беруді сұраған. Сотталғандар оны да жасап шықты
© Sputnik / Арман АсқарСтепногорск қаласына жақын жерде мойынтірек зауыты бар. Сол маңдағы колониядағы 170 сотталушы күнде күзетпен барып, мойынтіректің шығыршықтарын жасайды. Бұл өнім Мәскеудің метрополитеніне де жеткізіледі
Түрмеде жасалған металл бұйымдар  - Sputnik Қазақстан
8/16
Степногорск қаласына жақын жерде мойынтірек зауыты бар. Сол маңдағы колониядағы 170 сотталушы күнде күзетпен барып, мойынтіректің шығыршықтарын жасайды. Бұл өнім Мәскеудің метрополитеніне де жеткізіледі
© Sputnik / Арман АсқарСотталғандар тікенді сымды да еш қиналмай, істей береді
Түрмеде жасалатын тікенді сым - Sputnik Қазақстан
9/16
Сотталғандар тікенді сымды да еш қиналмай, істей береді
© Sputnik / Арман АсқарХалық арасында түрмеде жасалған ағаш бұйымдар кеңінен танымал. Олардың ішінде нарды, шахмат, дойбы сияқты ойындар бар
Сотталғандар жасайтын қолөнер бұйымдар - Sputnik Қазақстан
10/16
Халық арасында түрмеде жасалған ағаш бұйымдар кеңінен танымал. Олардың ішінде нарды, шахмат, дойбы сияқты ойындар бар
© Sputnik / Арман АсқарБүгінде сотталғандардың ішінде ағаш бұйымдарын жасайтын хас шеберлер аз емес. Олар ағашқа кез келген бейнені түсіре алады
Ағаштан жасалған бұйымдар - Sputnik Қазақстан
11/16
Бүгінде сотталғандардың ішінде ағаш бұйымдарын жасайтын хас шеберлер аз емес. Олар ағашқа кез келген бейнені түсіре алады
© Sputnik / Арман АсқарТемір тордың ар жағындағылар ұлттық аспаптарды да істейді. Мұндай тауарлардың бағасы қымбат емес. Мәселен, мына домбыра он бес мың теңге тұрады
Қолдан жасалған домбыра - Sputnik Қазақстан
12/16
Темір тордың ар жағындағылар ұлттық аспаптарды да істейді. Мұндай тауарлардың бағасы қымбат емес. Мәселен, мына домбыра он бес мың теңге тұрады
© Sputnik / Арман АсқарСотталғандар киімнен бастап тамаққа дейін өздерін толығымен қамтамасыз ете алады. Тіпті, күнделікті тамақ пісіруге керек күнбағыс майы да өндіріледі. Ол үшін сырттан күнбағыс тұқымдары жеткізіледі. Ал сотталғандар арнайы қондырғыда оның майын сығып алады. Бұдан бөлек, жарманың түр-түрі, кептірілген жемістер, тіпті фри картобы да әзірленеді. Сотталғандар оны алдымен турайды. Одан кейін кептіреді. Мұндай өнімді ұзақ сақтауға болады
Түрмеде жасалатын тағамдар - Sputnik Қазақстан
13/16
Сотталғандар киімнен бастап тамаққа дейін өздерін толығымен қамтамасыз ете алады. Тіпті, күнделікті тамақ пісіруге керек күнбағыс майы да өндіріледі. Ол үшін сырттан күнбағыс тұқымдары жеткізіледі. Ал сотталғандар арнайы қондырғыда оның майын сығып алады. Бұдан бөлек, жарманың түр-түрі, кептірілген жемістер, тіпті фри картобы да әзірленеді. Сотталғандар оны алдымен турайды. Одан кейін кептіреді. Мұндай өнімді ұзақ сақтауға болады
© Sputnik / Арман АсқарТүрмеде ескі шиналарды ұсақтайтын құрал-жабдықтар бар. Шина ұнтағынан кеспе тастар жасалады. Ондай өнімді балалар ойнайтын алаңдарда пайдалануға болады. Соқпақ тастың да түр-түрі бар
Шина ұнтағынан жасалатын кеспе тастар - Sputnik Қазақстан
14/16
Түрмеде ескі шиналарды ұсақтайтын құрал-жабдықтар бар. Шина ұнтағынан кеспе тастар жасалады. Ондай өнімді балалар ойнайтын алаңдарда пайдалануға болады. Соқпақ тастың да түр-түрі бар
© Sputnik / Арман АсқарСотталғандар сұйық шыны да жасай алады. Оны құрылыс материалдарына қосса, сапасы да, ол материалды пайдалану мерзімі де артады. Мұнда көктайғаққа қарсы реагентті де жасауға болады екен
Реагент - Sputnik Қазақстан
15/16
Сотталғандар сұйық шыны да жасай алады. Оны құрылыс материалдарына қосса, сапасы да, ол материалды пайдалану мерзімі де артады. Мұнда көктайғаққа қарсы реагентті де жасауға болады екен
© Sputnik / Арман АсқарҚазір сотталғандар тек жеке тапсырыспен ғана жұмыс істейді. Тауарды басқа жолмен сатуға рұқсат жоқ. Алдағы уақытта осы жұмысқа жауапты кәсіпорындар түрменің жанынан немесе сауда орталықтарында арнайы бутик ашып, тауар сатуды жоспарлап отыр. Түскен қаражат сотталған адамға берілмейді, кәсіпорынның есепшотына түседі. Ал сотталғандарға ай сайын жалақы төленеді
Түрмеде жасалған бұйымдар - Sputnik Қазақстан
16/16
Қазір сотталғандар тек жеке тапсырыспен ғана жұмыс істейді. Тауарды басқа жолмен сатуға рұқсат жоқ. Алдағы уақытта осы жұмысқа жауапты кәсіпорындар түрменің жанынан немесе сауда орталықтарында арнайы бутик ашып, тауар сатуды жоспарлап отыр. Түскен қаражат сотталған адамға берілмейді, кәсіпорынның есепшотына түседі. Ал сотталғандарға ай сайын жалақы төленеді
Жаңалықтар
0