Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

2019 жылы отбасын құратын жұлдызды жұптар - фото

Жазылу
Биыл қай жұлдыздар заңды некеге отырғысы келеді? Кімдердің үйлену тойын фанаттар мен табынушылар асыға күтіп жүр? Танымал әртістердің қайсысы отбасын құруға дайын екенін барша жұртқа мәлімдеді?

Sputnik Қазақстан назарларыңызға бойдақтықпен қош айтысып, заңды некеге тұруға дайындалып жүрген жұлдызды жұптардың топтамасын ұсынады.

Криштиану Роналду мен Джорджина Родригес, Хайди Клум мен Том Каулитц, Орландо Блум мен Кэти Перри, Леди Гага мен Кристиан Карино. Бақыттан басы айналып, некелесу күнін асыға күтіп жүрген өзге әртістерді фотолентадан көре аласыз!

© AP Photo / Willy SanjuanTokio Hotel неміс тобының гитарашысы Том Каулитц сүйіктісі – супермодель Хайди Клумнан 16 жасқа кіші. Бәлкім, содан шығар, Хайди бұрынғыдан бетер құлпырып, жайнап кетті. 2018 жылдың желтоқсанында супермодель Instagram парақшасында көздің жауын алатын жүзігін көрсетіп мақтанып, "Мен "иә" дедім!" деп жазды.
Том Каулитц пен Хайди Клум - Sputnik Қазақстан
1/9
Tokio Hotel неміс тобының гитарашысы Том Каулитц сүйіктісі – супермодель Хайди Клумнан 16 жасқа кіші. Бәлкім, содан шығар, Хайди бұрынғыдан бетер құлпырып, жайнап кетті. 2018 жылдың желтоқсанында супермодель Instagram парақшасында көздің жауын алатын жүзігін көрсетіп мақтанып, "Мен "иә" дедім!" деп жазды.
© AP Photo / Jae C. HongЛеди Гаги үшін былтырғы жыл жемісті болған сыңайлы: әуелі алғаш рет толық метражды фильмге түсті - Брэдли Купердің "Звезда родилась" картинасында басты рөлді сомдады, ал қазан айында сауық кештерінің бірінде жұлдыз өзінің менеджері Кристиан Кариномен үйленуге сөз байласқанын мәлімдеді.
Леди Гага мен Кристиано Карино - Sputnik Қазақстан
2/9
Леди Гаги үшін былтырғы жыл жемісті болған сыңайлы: әуелі алғаш рет толық метражды фильмге түсті - Брэдли Купердің "Звезда родилась" картинасында басты рөлді сомдады, ал қазан айында сауық кештерінің бірінде жұлдыз өзінің менеджері Кристиан Кариномен үйленуге сөз байласқанын мәлімдеді.
© AFP 2024 / Valery HacheӘнші Кэти Перри былтыр сәуір айында актер Орландо Блумға тұрмысқа шығатынын жария еткен болатын. Фанаттар үйлену тойын асыға күтіп жүр...
Орландо Блум мен Кэти Перри  - Sputnik Қазақстан
3/9
Әнші Кэти Перри былтыр сәуір айында актер Орландо Блумға тұрмысқа шығатынын жария еткен болатын. Фанаттар үйлену тойын асыға күтіп жүр...
© AP Photo / Alex Berliner/Invision for the Television Academy29 жастағы Зои Кравиц те күйеуге шыққалы жатыр, үйлену тойына дайындық баяғыда басталып кетіпті. Rolling Stone журналына берген сұхбатында актриса өзінің жігіті – 30 жастағы актер Карл Глусманмен сөз байланысқанын растады.
Карл Глусман пен Зои Кравиц - Sputnik Қазақстан
4/9
29 жастағы Зои Кравиц те күйеуге шыққалы жатыр, үйлену тойына дайындық баяғыда басталып кетіпті. Rolling Stone журналына берген сұхбатында актриса өзінің жігіті – 30 жастағы актер Карл Глусманмен сөз байланысқанын растады.
© AFP 2024 / Michael Buholzer Криштиану Роналду мен Джорджина Родригестің үйленетіні туралы сыбыс футболдан әлем чемпионаты кезінде шыққан еді. Сол кезде Джорджина Мәскеуге сүйіктісіне жанкүйер болу үшін келіп, саусағындағы жүзігін көрсетті. Қараша айында қос ғашық Лондонға романтикалық саяхатқа барып келген соң, португалиялық БАҚ-та Криштианудың Джорджинаға үйленуге ұсыныс жасағанын хабарланды. Бірақ жұптың өзі бұл мәліметті растаған жоқ.
Криштиану Роналду ұлы кіші Криштиану Роналду және қалыңдығы Джорджиной Родригеспен - Sputnik Қазақстан
5/9
Криштиану Роналду мен Джорджина Родригестің үйленетіні туралы сыбыс футболдан әлем чемпионаты кезінде шыққан еді. Сол кезде Джорджина Мәскеуге сүйіктісіне жанкүйер болу үшін келіп, саусағындағы жүзігін көрсетті. Қараша айында қос ғашық Лондонға романтикалық саяхатқа барып келген соң, португалиялық БАҚ-та Криштианудың Джорджинаға үйленуге ұсыныс жасағанын хабарланды. Бірақ жұптың өзі бұл мәліметті растаған жоқ.
© AP Photo / Altaf QadriӘнші Джо Джонас ғашығы - "Тақтар ойыны" телехикаясының актрисасы Софи Тернерге қазан айында үйленуге ұсыныс жасаған. Бұл туралы Софидің өзі Instagram желісінде хабарлады – ол саусағына неке жүзігін таққан қолының суретін жариялап, "Мен "иә" дедім" деп жазған.
Софи Тернер мен Джо Джонас - Sputnik Қазақстан
6/9
Әнші Джо Джонас ғашығы - "Тақтар ойыны" телехикаясының актрисасы Софи Тернерге қазан айында үйленуге ұсыныс жасаған. Бұл туралы Софидің өзі Instagram желісінде хабарлады – ол саусағына неке жүзігін таққан қолының суретін жариялап, "Мен "иә" дедім" деп жазған.
© AFP 2024 / Justin TallisЛеди Габриэлла Виндзор мен жігіті Томас Кингстонның үйленетіні туралы қыркүйек айында белгілі болды. Ер адам табиғаты сұлу Сарк аралында сүйіктісіне ұсыныс жасапты.
Леди Габриэлла Виндзор мен Томас Кингстон - Sputnik Қазақстан
7/9
Леди Габриэлла Виндзор мен жігіті Томас Кингстонның үйленетіні туралы қыркүйек айында белгілі болды. Ер адам табиғаты сұлу Сарк аралында сүйіктісіне ұсыныс жасапты.
© AP Photo / Chris PizzelloБылтыр тамыз айында сегіз жыл жұптары жазылмаған Джейсон Стэтхем мен Рози Хантингтон-Уайтлидің үйленетіні туралы ақпарат шықты. 51 жастағы актер мен 31 жастағы актриса бұл маңызды шешімді қабылдауға ұзақ жыл ойланыпты. Ұлы дүниеге келген соң көп ұзамай актерлер отау құратынын мәлімдеді.
Джейсон Стэтхем мен Рози Хантингтон-Уайтли - Sputnik Қазақстан
8/9
Былтыр тамыз айында сегіз жыл жұптары жазылмаған Джейсон Стэтхем мен Рози Хантингтон-Уайтлидің үйленетіні туралы ақпарат шықты. 51 жастағы актер мен 31 жастағы актриса бұл маңызды шешімді қабылдауға ұзақ жыл ойланыпты. Ұлы дүниеге келген соң көп ұзамай актерлер отау құратынын мәлімдеді.
© AFP 2024 / Facundo ArrizabalagaБиыл жұрттың ауызында жүрген үйлену тойларының бірі - Мария Франсиска Перельо мен Рафаель Надальдың некелесу рәсімі. Айтпақшы, Надаль – "Үлкен төрттің" жалғыз үйленбеген ойыншысы және әлі әке атанбаған.
Мария Франсиска Перельо мен Рафаэль Надаль - Sputnik Қазақстан
9/9
Биыл жұрттың ауызында жүрген үйлену тойларының бірі - Мария Франсиска Перельо мен Рафаель Надальдың некелесу рәсімі. Айтпақшы, Надаль – "Үлкен төрттің" жалғыз үйленбеген ойыншысы және әлі әке атанбаған.
Жаңалықтар
0