Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Өнер бойға қарамайды: әлемге әйгілі аласа бойлы арулар - фото

Жазылу
Қоғамда қалыптасқан пікірге сүйенсек, табыстың кілті – сұлулық

Адамның салмағы, бойы, көрікті жүзі мен сымбаты – танымал әрі табысты болу мүмкіндігін еселей түседі.

Алайда шоу-бизнесте дене мүсіні сұлулық стандарттарына сай келмесе де, көпшіліктің көзайымына айналып, биіктерді бағындырған арулар аз емес көрінеді.

Әлемге әйгілі "бір жапырақ" жұлдыздар туралы Sputnik топтамасынан біле аласыз.

© AP Photo / Lionel CironneauМың бұрала би билеп, әсем даусымен тыңдармандарының жүрегін жаулаған поп жұлдыздың шын есімі – Шакира Исабель Мерабак Риполл. Ол 1977 жылы 2 ақпанда Колумбияның Барранкилья қаласында дүниеге келді. Бойы 157 см, салмағы 46 кг.
Шакира - Sputnik Қазақстан
1/13
Мың бұрала би билеп, әсем даусымен тыңдармандарының жүрегін жаулаған поп жұлдыздың шын есімі – Шакира Исабель Мерабак Риполл. Ол 1977 жылы 2 ақпанда Колумбияның Барранкилья қаласында дүниеге келді. Бойы 157 см, салмағы 46 кг.
© AP Photo / Chris PizzelloНиколь Ричи (Nicole Richie) – америкалық актриса, әнші, продюсер, фотомодель және дизайнер. Туған күні – 21 қыркүйек 1981 жыл. Калифорниядағы Беркли қаласында өмірге келген. Бойы 157 см, салмағы 42 кг.
Николь Ричи - Sputnik Қазақстан
2/13
Николь Ричи (Nicole Richie) – америкалық актриса, әнші, продюсер, фотомодель және дизайнер. Туған күні – 21 қыркүйек 1981 жыл. Калифорниядағы Беркли қаласында өмірге келген. Бойы 157 см, салмағы 42 кг.
© AP Photo / Andy KropaКристина Риччи (Christina Ricci) – америкалық және продюсер. АҚШ-тың Санта-Моника қаласында 1980 жылы 12 ақпанда дүниеге келді. Бойы – 155 сантиметр, салмағы – 55 килограмм.
Кристина Риччи - Sputnik Қазақстан
3/13
Кристина Риччи (Christina Ricci) – америкалық және продюсер. АҚШ-тың Санта-Моника қаласында 1980 жылы 12 ақпанда дүниеге келді. Бойы – 155 сантиметр, салмағы – 55 килограмм.
© AFP 2024 / LOIC VENANCEЕва Лонгория (Eva Jacqueline Longoria) – америкалық актриса, продюсер, режиссер, қоғам белсендісі және кәсіпкер. 1975 жылы 15 наурызда АҚШ-тың Техас штатындағы Корпус-Кристи қаласында дүниеге келді. Бойы – 157 сантиметр, салмағы – 46 килограмм.
Ева Лонгория - Sputnik Қазақстан
4/13
Ева Лонгория (Eva Jacqueline Longoria) – америкалық актриса, продюсер, режиссер, қоғам белсендісі және кәсіпкер. 1975 жылы 15 наурызда АҚШ-тың Техас штатындағы Корпус-Кристи қаласында дүниеге келді. Бойы – 157 сантиметр, салмағы – 46 килограмм.
© AFP 2024 / VALERIE MACONКристен Белл (Kristen Bell) – америкалық актриса 1980 жылы 18 маусымда Детройт қаласында дүниеге келген. Бойы – 155 сантиметр, салмағы – 45 килограмм.
Кристен Белл - Sputnik Қазақстан
5/13
Кристен Белл (Kristen Bell) – америкалық актриса 1980 жылы 18 маусымда Детройт қаласында дүниеге келген. Бойы – 155 сантиметр, салмағы – 45 килограмм.
© AFP 2024 / TIMOTHY A. CLARYЛеди Гага (Lady Gaga) – америкалық әнші, әндердің авторы, продюсер, дизайнер және актриса. Шын есімі - Стефани Джоанн Анджелина Джерманотта. Туған күні – 28 наурыз 1986 жыл. Туған жері – Нью-Йорк. Бойы – 155 сантиметр, салмағы – 52 килограмм.
Леди Гага - Sputnik Қазақстан
6/13
Леди Гага (Lady Gaga) – америкалық әнші, әндердің авторы, продюсер, дизайнер және актриса. Шын есімі - Стефани Джоанн Анджелина Джерманотта. Туған күні – 28 наурыз 1986 жыл. Туған жері – Нью-Йорк. Бойы – 155 сантиметр, салмағы – 52 килограмм.
© AFP 2024 / ANGELA WEISSАриана Гранде (Ariana Grande) - америкалық актриса және әнші. 1993 жылы 26 маусымда АҚШ-тың Флорида штаты Бока-Ратон қаласында дүниеге келді. Бойы – 155 сантиметр, салмағы – 45 килограмм.
Ариана Гранде - Sputnik Қазақстан
7/13
Ариана Гранде (Ariana Grande) - америкалық актриса және әнші. 1993 жылы 26 маусымда АҚШ-тың Флорида штаты Бока-Ратон қаласында дүниеге келді. Бойы – 155 сантиметр, салмағы – 45 килограмм.
© AFP 2024 / CHRIS DELMASЖұлдызды апалы-сіңлілі – Кортни Кардашьян мен Ким Кардашьян. Екеуі де фотомодель әрі бизнес-вумен. Кортнидің бойы небәрі 152 сантиметр, ал салмағы 45 килограмм. Ал әпкесі Ким одан гөрі сәл бойшаң – 158 сантиметр, салмағы – 53 килограмм.
Кортни Кардашьян мен Ким Кардашьян - Sputnik Қазақстан
8/13
Жұлдызды апалы-сіңлілі – Кортни Кардашьян мен Ким Кардашьян. Екеуі де фотомодель әрі бизнес-вумен. Кортнидің бойы небәрі 152 сантиметр, ал салмағы 45 килограмм. Ал әпкесі Ким одан гөрі сәл бойшаң – 158 сантиметр, салмағы – 53 килограмм.
© AP Photo / Richard ShotwellКайли Миноуг (Kylie Minogue) – австралиялық және британдық әнші, әндер авторы және актриса. 1968 жылы 28 мамырда Австралияның Мельбурн қаласында дүниеге келген. Бойы – 153 сантиметр, салмағы – 49 килограмм.
Кайли Миноуг - Sputnik Қазақстан
9/13
Кайли Миноуг (Kylie Minogue) – австралиялық және британдық әнші, әндер авторы және актриса. 1968 жылы 28 мамырда Австралияның Мельбурн қаласында дүниеге келген. Бойы – 153 сантиметр, салмағы – 49 килограмм.
© AFP 2024 / FREDERIC J. BROWN Риз Уизерспун (Reese Witherspoon) - америкалық актриса және продюсер. Туған күні – 1976 жыл 22 наурыз. Туған жері – Жаңа Орлеан, АҚШ. Бойы – 156 сантиметр, салмағы – 50 килограмм.
Риз Уизерспун - Sputnik Қазақстан
10/13
Риз Уизерспун (Reese Witherspoon) - америкалық актриса және продюсер. Туған күні – 1976 жыл 22 наурыз. Туған жері – Жаңа Орлеан, АҚШ. Бойы – 156 сантиметр, салмағы – 50 килограмм.
© AFP 2024 / VALERIE MACONКристина Агилера (Christina Aguilera) – америкалық әнші, әндердің авторы, биші, актриса, продюсер, тележұлдыз, сондай-ақ БҰҰ-ның ерікті елшісі. 1980 жылы 18 желтоқсанда Нью-Йорк қарасында дүниеге келген. Жұлдыздың бойы – 157 сантиметр, салмағы – 45 килограмм.
Кристина Агилера - Sputnik Қазақстан
11/13
Кристина Агилера (Christina Aguilera) – америкалық әнші, әндердің авторы, биші, актриса, продюсер, тележұлдыз, сондай-ақ БҰҰ-ның ерікті елшісі. 1980 жылы 18 желтоқсанда Нью-Йорк қарасында дүниеге келген. Жұлдыздың бойы – 157 сантиметр, салмағы – 45 килограмм.
© AFP 2024 / ANNE-CHRISTINE POUJOULAT Сальма Хайек (Salma Hayek) - мексикалық-америкалық актриса, режиссер, продюсер. Туған күні - 2 қыркүйек 1966 жыл. Туған жері - Коацакоалькос, Мексика. Бойы - 157 сантиметр, салмағы - 46 килограмм.
Сальма Хайек - Sputnik Қазақстан
12/13
Сальма Хайек (Salma Hayek) - мексикалық-америкалық актриса, режиссер, продюсер. Туған күні - 2 қыркүйек 1966 жыл. Туған жері - Коацакоалькос, Мексика. Бойы - 157 сантиметр, салмағы - 46 килограмм.
© AFP 2024 / VALERIE MACONВанесса Хадженс (Vanessa Anne Hudgens)- америкалық актриса және әнші. 1988 жылы 14 желтоқсанда Калифорния штатындағы Салинас қаласында дүниеге келген. Бойы – 155 сантиметр, салмағы – 45 килограмм.
Ванесса Хадженс - Sputnik Қазақстан
13/13
Ванесса Хадженс (Vanessa Anne Hudgens)- америкалық актриса және әнші. 1988 жылы 14 желтоқсанда Калифорния штатындағы Салинас қаласында дүниеге келген. Бойы – 155 сантиметр, салмағы – 45 килограмм.
Жаңалықтар
0