Қайрат Рысқұлбеков 1966 жылы 13 наурызда Жамбыл облысы Мойынқұм ауданына қарасты Бірлік деген шағын ауылда дүниеге келді. 1973-1981 жылдары Шу ауданы, Төле би ауылындағы Сәду Шәкіров атындағы мектеп-интернатта білім алған. Бала кезінде күреспен шұғылданған. Қайрат Рысқұлбеков мектеп-интернатта сегіз жыл оқып, үздік бітірді. Осыдан кейін 1981–83 жылы Бірлік ауылындағы орта мектепке келді. Он жылдықты тәмамдаған соң, бір жыл Көктерек совхозында мал бақты. Ал 1984 жылы әскер қатарына шақырылады. Әскери борышын екі жыл Амур өлкесіндегі Белогор қаласында өтеді. 1986 жылы мамырда әскерден ауылына оралады. Сол жылдың тамызында әскери бөлімшенің жолдамасымен Алматыдағы Сәулет-құрылыс институтына оқуға түсті.

1986 жылдың 16 желтоқсанында Алматыдағы бұрынғы Брежнев алаңына мыңдаған жас жиналып, "қазақты қазақ басқарсын" деп, Колбиннің орнынан кетуін талап еткен болатын. Кеңес билігі жастарды алаңнан күшпен қуып, асқан қатігездікпен басып-жаныштады. Ұлтының азаттығы мен теңдігі жолында шыбын жанын құрбан еткен атпал азаматтың бірі Қайрат Рысқұлбеков болатын.

Желтоқсан оқиғасынан кейін 1987 жылдың 25 мамырында Қайрат Рысқұлбеков, Жамбыл Тайжұмаев, Түгелбай Тәшенов пен Қайыркелді Күзембаевқа қатысты сот процесі басталды. 16 маусымда Алматыда сот шешімі шығады. Қайрат Рысқұлбеков өлім жазасына кесілді. Артынша 1988 жылы 23 сәуірде ату жазасы өзгеріп, 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

Қайрат Рысқұлбеков 1988 жылы 21 мамырда Семей түрмесінде жұмбақ жағдайда көз жұмды.

Материал
Керек уақытты таңдау
Тағы 20 материал
  • Бір апта ішіндегі
  • Бір ай ішіндегі
  • Бір жыл ішіндегі
  • Осы уақытқа дейінгі
Жаңалықтар
0