Таңғажайып цирк дю Солей

Жазылу
Атақты цирк дю Солей шоуының тұсаукесеріне екі аптадай уақыт қалды. 75 минуттық REFLEKT қойылымы 16 маусым мен 9 қыркүйек аралығында 71 рет көрсетіледі

Sputnik Қазақстан бұған дейін шоудың шағын үзіндісін көрсеткен болатын, ал енді дайындық барысының қалай өтіп жатқанын назарларыңызға ұсынамыз. Видеоны "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы дайындаған. Айтпақшы, мотоциклдер шусыз, экологияға зияны жоқ, электр қозғалтқыштармен жұмыс істейді.

Шоуға кіретін билет бағасы 4 мың мен 6 мың теңге арасында. ЭКСПО аумағына ену үшін бағасы 4 мың теңгеден басталатын кіру билетін сатып алу керек.

Жаңалықтар
0