Мәдениет

Ресейлік танымал актриса өзінің қазақ атасын тапты

© Sputnik / Екатерина Чеснокова / Медиабанкке өтуАктриса Янина Мелехова
Актриса Янина Мелехова - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Актриса Янина Мелехова Әлімбай Шаймұхамбетов есімді атасын тапқанын растады

ҚАРАҒАНДЫ, 14 желтоқсан — Sputnik, Анастасия Багрова. Янина Мелехова Қазақстаннан өзінің атасын тапқанын ресми растады. Өкінішке орай, ол қайтыс болып кеткен. Бірақ актриса немере аға-әпкелерімен танысты.

Қыз - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қырғызстанда тұратын қазақ қызы сәби күнінде тастап кеткен анасын іздеп жүр
Актриса Янина Мелехованың атасы Қарағандының тумасы. 1950 жылы ол Беларусь елінде әскери борышын өтеген. Актрисаның әжесімен сол жерде жүріп танысқан. 1954 жылы із-түссіз жоғалып кеткеніне қарамастан актрисаның әжесі одан бір бала туады. Янина әжесінің осы қазақстандық сарбазға деген махаббатын өмір бойы өзінің жүрегінде сақтап келген болуы мүмкін екенін айтады. Бала туған соң тұрмысқа шықпаған және ұлын жалғыз өзі тәрбиелеген.

Янина Мелехова Қазақстанға алғаш рет екі жыл бұрын Алматы қаласында халықаралық "Еуразия" кинофестивалі өтіп жатқан кезде келген.

"Сол уақыттан бері осы жерден өзіме көп дос таптым. Әрине, олардың барлығы дерлік кино мен театр саласының адамдары — шығармашылыққа жақын тұлғалар. Екінші рет қараша айында бардым. Ол кезде достарым маған жан-жақты көмектесті. Осы үшін оларға шексіз ризамын! Сол себепті сіздердің тамаша мемлекеттеріңізге келетін кезде, менің бойымда еш қорқыныш болмады!" — деді ол.

Янина атасын бұдан да ертерек іздеуі керек болғанына сенімді. Бірақ актрисаның қолында атасына қатысты есімі мен тегінен бөлек еш дерек болмаған. Оның үстіне бұл деректің өзі қате болып шығуы мүмкін еді.

© жеке архивіненЯнина Мелехова, танымал актриса
Янина Мелехова, танымал актриса - Sputnik Қазақстан
Янина Мелехова, танымал актриса

"Мен де адам баласы ретінде өзімнің түп-тамырыма құрметпен қараймын. Әдетте белгілі бір жасқа келген соң ғана көп нәрсені ой елегінен өткізіп жатамыз. Және ол әркімде әртүрлі жаста болады. Ал менде қазір болып жатыр. Жаз айында мен үшін ауыр түсірілім — "Ростов" тарихи телехикаясынан қолым босамады. Тіпті, ұйықтауға да уақыт болмады. Бірақ бір кезде найзағайдың жарқылындай атамды неге іздемеске, оның тарихын неге білмеске деген ой келді. Мазам қашты! Жақындарыммен сөйлесіп, көп жыладым… Сол сәтте әкем іздестіру жұмыстарын бастау керектігін айтты", — деді актриса.

Қария - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Оралда зейнеткер 57 жылдан бері көрмеген ұлын іздеп жүр
Ол алғаш кинофестивальге келген кезде Қазақстанның өзін қандай қонақжайлылықпен күтіп алғанын айтып берді.

"Жүректі жылытар естеліктер қалды. Мәдениеті, тәрбиесі, адамдары мен маған деген қарым-қатынасына қатысты. Осының барлығы атамды іздеуіме себепші болды. Отбасымның тарихына құрметпен қараймын. Беларусь елінде дүниеге келіп, шығармашылық ортада тәрбиелендім. Анам Наталья Леонидқызы — хореограф, қоюшы балетмейстер, ал әкем Владимир Олегұлы — режиссер, драматург. Ата-анам сол заманның талабына сай жұмыс істеді. Әпкем Светлана да әке-шешемнің жолын қуып, бүгінде хореограф болып жүр. Жастайымнан Отан мен ата-анаға деген махаббаттың не екенін, театр, мәдениет және адамзат құндылықтарын қалай құрметтеу керектігін біліп өстім. Бұл менің қанымда десем де болады. Жұмыс кестесіне сай, іздестіру жұмыстарын күздің екінші жартысынан бастадым. Бірнеше күнімді арнайы босатып, Қазақстанға жолға шықтым", — деп бөлісті Янина Мелехова.

Янина атасының оқиғасын өзінің барлық танысына айтып береді. Ол адамдардың шынайы ниетінің арқасында атасына қатысты қандай да бір дерек табамын деп ойлаған.

"Қолымда ақпарат өте аз. Және нағыз таңғажайып болды. Менің оқиғама жанымен берілген жандар табылды. Олардың арқасында мұз орнынан қозғалды", — деді актриса.

Атасы туралы көп айтқан сайын, соғұрлым оған қатысты көп ақпарат жинаған. Әлеуметтік желіге оған күніне ондаған хат келетін болған. Осылайша ол өзінің қазақ отбасымен қауышты.

Актриса Янина Мелехова Әлімбай Шаймұхамбетов есімді атасын тапқанын растады.

"Мен адамдардың қалай жылдам қол созғандарына таңғалып отырмын! Барлығы сай келіп, атамды таптым. Өкінішке орай, ол қайтыс болып кеткен екен. Бірақ бұдан былай оның қайда жерленгенін білемін және ол жерге отбасыммен келетін боламын. Туыстарымның да қатары айтарлықтай көбейді. Дәл қазір қойылымдардың премьералары, Жаңа жылға қатысты съемкілер болып жатқандықтан, Қазақстанға жолым түспей жүр. Бәлкім немере әпке-бауырларымның бірі бізге Мәскеуге қонаққа келетін шығар", — деді Мелехова.

Сондай-ақ, ол атасын табуға көмектескен жандардың барлығына алғыс білдірді.

Жаңалықтар
0