Инфографика

Тұмауға қарсы екпе жөнінде не білу керек

Жазылу
Денсаулық сақтау министрлігінің қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы халықты тұмауға қарсы екпе егуге шақырады. Екпені кімнің тегін ала алатынын Sputnik Қазақстан инфографикасынан оқыңыз

Қазақстанда тұмауға қарсы екпе салу науқаны жүріп жатыр. Үкімет вакцина сатып алып, қоғамның осал топтарына жататын екі миллионнан астам адамға тегін екпе салу үшін миллиард теңгеге жуық қаражат бөлді.

Министрлік мамандарының хабарлауынша, тұмаудың белгілері қызылша ауруының белгілеріне ұқсайды. Қазақстанда қазіргі уақытта 10 869 қызылшаға шалдығу жағдайы тіркелген. Олардың көпшілігі екпе алмаған балалар, деп хабарлады бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин.

Тегін екпе тұрғылықты мекенжай бойынша немесе тіркеуге тұрған емханада егіледі. Ал ақылы екпені жеке меншік орталықтарда және емханалардағы екпе салатын кабинеттерде алуға болады.

Жаңалықтар
0