Инфографика

Мүшел жас туралы деректер

Жазылу
Қазақ мүшел жасты қалай жіктеген? Мүшел жастың қасиеті мен ерекшеліктері қандай? Осы сұрақтардың жауабын Sputnik Қазақстан инфографикасынан таба аласыздар

Қазақ халқы мүшелге көп мән береді. Бағзы замандардан бері он екі жылды бір мүшел санап келген. Мүшел жылдар 12 түрлі жануар атымен аталады. Әр мүшел ішінде адамның өзіне тән қасиеттері мен болмысы қалыптасады.

Баланың 13 жасқа толуы алғашқы мүшел саналады. Ол кезде ер балалардың даусы өзгеріп, қыз балалардың дене бітімі сүйкімді бола бастайды. Он үш – кейбір балалар үшін қауіпті, өйткені баланың бойындағы өзгеріс кезеңі жайымен өтсе қауіп жоқ, ал күрт өзгерсе, кейбір балалар жүрек, жүйке ауруларына шалдығуы мүмкін деседі.

Тағы оқыңыз: Қазақ келіндерінің ат тергеу дәстүрі туралы не білеміз

Ал адам өміріндегі ең басты әрі қауіпті мүшел 37 жас саналады. Мүшел жастан аман-есен өткен адам садақа беріп, жеті нан үлестіреді.

Жаңалықтар
0