https://sputnik.kz/20220128/Ukrainad-sarbaz-video-19232507.html
Украинада 5 әскериді атып тастаған сарбаз неге олай істегенін түсіндірді – видео
Украинада 5 әскериді атып тастаған сарбаз неге олай істегенін түсіндірді – видео
Sputnik Қазақстан
Ол жасаған қылмысына өкінбейді. Адамдарды қалай өлтіргенін еш мүдірмей айтып берді 28.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-28T10:26+0500
2022-01-28T10:26+0500
2022-02-01T13:05+0500
оқиға
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15070995_0:63:1201:738_1920x0_80_0_0_0c141bdaa5b679419a1e1e581dd0cb20.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар – Sputnik. Украинаның Днепр қаласында мерзімді әскери қызметін атқарып жүрген Артемий Рябчук ұлттық гвардия әскерилерін атып тастады, деп хабарлады "Страна.ua".Рябчук өзімен бірге зауытты күзетіп жүрген әскери қызметшілерді өлтірді. Одан кейін Калашников автоматын алып, қашып кеткен. Бірақ бірнеше сағаттан кейін тәртіп сақшыларының қолына түсті. Ол көшеде кетіп бара жатқан әйелді тоқтатып, құқық қорғау органдарына қайда екенін хабарлауды өзі өтінген. Оны Днепр қаласына жақын жерде құрықтады.Тәртіп сақшылар оны қоршауға алып, аспанға бір рет оқ атқаннан кейін Рябчук бірден автоматын тастап, жерге жата қалған.Сол күні тергеушілерге өзімен бірге әскери қызмет атқарып жүрген адамдарды қалай атқанын айтып берді. Ол алдымен қарауыл бастығы мен оның көмекшісіне оқ жаудырған. Одан кейін тағы екі әскериді атып тастаған. Сосын инструктор әйелге оқ атқан. Өйткені ол жарты сағат сайын бөлімшеге хабарласып, барлық жағдайды баяндап отырған.Ал зауыттан шығып бара жатқанда 22 жастағы қыз жолын бөгеп, оны шығара алмайтынын айтқан. Сол кезде Рябчук оған да оқ атыпты. Жас қыз ауыр жарақат алып, үш литр қан жоғалтты. Қазір дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр. Халық депутаты Юлия Яцик зауытта болған қанды оқиғаның себебін жариялады. Оның айтуынша, Рябчук командирлерге қызметтестері басқа бір сарбазды ұрып-соққаны туралы айтқан. Бірақ басшылық ешқандай шара қолданбапты. Ал Рябчуктың өзі қудалауға ұшыраған. Осыдан кейін ол өшін алған. Бұған дейін Рябчук келісімшартпен әскери қызмет атқарып жүргендердің сарбаздарға қысым көрсетіп жүргенін де айтқан.Полицияға жауап бергенде ол жасаған қылмысына өкінбейтінін ашық айтты. Ал адамдарды қалай өлтіргенін еш мүдірмей баяндап берді. Заң бойынша ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.Айта кетері, Южмаш" оңтүстік машина жасау зауытының аумағында болған қанды оқиға кезінде бес адам қаза болды, тағы бесеуі жарақат алды. Олардың ішінде екі адамның жағдайы ауыр. Оқи отырыңыз: Украинада бес қызметтесін атып өлтірген сарбаз ұсталды – жантүршігерлік видео
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/1c/15070995_66:0:1133:800_1920x0_80_0_0_be26900cbf0a3ce4f62c48163b317c78.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Украинада 5 әскериді атып тастаған сарбаз неге олай істегенін түсіндірді – видео
10:26 28.01.2022 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Ол жасаған қылмысына өкінбейді. Адамдарды қалай өлтіргенін еш мүдірмей айтып берді
НҰР-СҰЛТАН, 28 қаңтар – Sputnik. Украинаның Днепр қаласында мерзімді әскери қызметін атқарып жүрген Артемий Рябчук ұлттық гвардия әскерилерін атып тастады, деп хабарлады
"Страна.ua".
Рябчук өзімен бірге зауытты күзетіп жүрген әскери қызметшілерді өлтірді. Одан кейін Калашников автоматын алып, қашып кеткен. Бірақ бірнеше сағаттан кейін тәртіп сақшыларының қолына түсті. Ол көшеде кетіп бара жатқан әйелді тоқтатып, құқық қорғау органдарына қайда екенін хабарлауды өзі өтінген. Оны Днепр қаласына жақын жерде құрықтады.
Тәртіп сақшылар оны қоршауға алып, аспанға бір рет оқ атқаннан кейін Рябчук бірден автоматын тастап, жерге жата қалған.
Сол күні тергеушілерге өзімен бірге әскери қызмет атқарып жүрген адамдарды қалай атқанын айтып берді. Ол алдымен қарауыл бастығы мен оның көмекшісіне оқ жаудырған. Одан кейін тағы екі әскериді атып тастаған. Сосын инструктор әйелге оқ атқан. Өйткені ол жарты сағат сайын бөлімшеге хабарласып, барлық жағдайды баяндап отырған.
Ал зауыттан шығып бара жатқанда 22 жастағы қыз жолын бөгеп, оны шығара алмайтынын айтқан. Сол кезде Рябчук оған да оқ атыпты. Жас қыз ауыр жарақат алып, үш литр қан жоғалтты. Қазір дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр.
Халық депутаты Юлия Яцик зауытта болған қанды оқиғаның себебін жариялады. Оның айтуынша, Рябчук командирлерге қызметтестері басқа бір сарбазды ұрып-соққаны туралы айтқан. Бірақ басшылық ешқандай шара қолданбапты. Ал Рябчуктың өзі қудалауға ұшыраған. Осыдан кейін ол өшін алған. Бұған дейін Рябчук келісімшартпен әскери қызмет атқарып жүргендердің сарбаздарға қысым көрсетіп жүргенін де айтқан.
Полицияға жауап бергенде ол жасаған қылмысына өкінбейтінін ашық айтты. Ал адамдарды қалай өлтіргенін еш мүдірмей баяндап берді. Заң бойынша ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Айта кетері, Южмаш" оңтүстік машина жасау зауытының аумағында болған қанды оқиға кезінде бес адам қаза болды, тағы бесеуі жарақат алды. Олардың ішінде екі адамның жағдайы ауыр.