Оқиға

Жол апатын жасаған полицей оқиға орнынан қашып кетті – видео

© Sputnik / Ксения ВоронинаПолицейский
Полицейский - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.01.2022
Жазылу
24 қаңтарда тәртіп сақшысы ішкі істер органдарының беделін түсіргені үшін жұмыстан қуылды
НҰР-СҰЛТАН, 26 қаңтар – Sputnik. Алматының түбінде полицей адам өліміне әкеліп соққан жол апатын жасады.
Тәртіп сақшысы оқиға орнынан қашып кетті. Бірақ көп ұзамай, қолға түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әлеуметтік желіде жол апатының видеосы тарап кетті. Ішкі істер органдарының қызметкері жүргізген Toyota Prado Honda Stream көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Тұздыбастау◾️Калинин (@kris_p_tuzdybastau)

Куәгерлердің айтуынша, жол апатын жасаған көлік жүргізушісі мас болған. Олар джиптің жүк салғышында жатқан арақ бөтелкесін де түсіріп алды.
Алматы облыстық полиция депаратменті жол апаты полицейдің кесірінен болғанын растады. Осы оқиға бойынша қызметтік тергеу де жүргізілді. Ал 24 қаңтарда тәртіп сақшысы ішкі істер органдарының беделін түсіргені үшін жұмыстан қуылды.
"Жол апаты Алматы – Талғар тас жолының 12 шақырымында болған. Honda Stream көлігінің жүргізушісі мен жолаушысы Алматының облыстық ауруханасына жеткізілді. Сол жерде 20 жастағы жолаушы алған жарақатынан қайтыс болды. Toyota Prado жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетті. Жол талғамайтын көлікті, шынымен де, ішкі істер органдары қызметкері жүргізгені анықталды. Жол апатын жасаған бұрынғы полицей уақытша ұстау изоляторына қамалды", - дейді депаратмент мамандары.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 345-бабы (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) және 347-бабы (Жол-көлiк оқиғасы болған жерден кетіп қалу) бойынша тергеу шаралары атқарылып жатыр.
 
Жаңалықтар
0