https://sputnik.kz/20211230/zhol-talgamaytyn-kolik-muz-video-19021296.html
Ақтөбе облысында жол талғамайтын көлік мұз астына түсіп кетті – видео
Ақтөбе облысында жол талғамайтын көлік мұз астына түсіп кетті – видео
Sputnik Қазақстан
Құтқарушылар Land Cruiser көлігін екі жарым метр тереңдіктен шығарды 30.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-30T07:10+0500
2021-12-30T07:10+0500
2022-02-02T09:48+0500
оқиға
өңірлер
мұз
автокөлік
видео
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/1e/19021128_0:552:1386:1336_1920x0_80_0_0_eea93c82befe9793a64503c0866d35e3.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 30 желтоқсан – Sputnik. Ақтөбе облысында автокөлік мұз астына түсіп кетті, деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.Төтенше жағдай 28 желтоқсанда болды. Құтқарушыларға белгісіз жағдайда Land Cruiser мұздың астына түсіп кеткені туралы хабарлама түскен. Балық аулауға келген жүргізуші мен жолаушы көліктен шығып үлгеріпті.Еріктілермен бірлесіп құтқару жұмыстары ұйымдастырылды. Құтқарушылар Land Cruiser көлігін 2,5 метр тереңдіктен көтерді, көлік Ақтөбе су қоймасының жағасынан 50 метр жерде болған.Оқиға орнында мұздың қалыңдығы 5-7 сантиметр болғаны хабарланды.Төтенше жағдайлар департаменті мұздың беріктігін теуіп тексеруге тыйым салынатынын еске салды. Қалың қар жатқан, атап айтқанда, өсімдік өскен жерлерге жақын (бұта мен қамыс) аумақтар өте қауіпті, мұнда мұз әрқашан жұқа және морт сынғыш болады.Мұз қалыңдығы кем дегенде 7 сантиметрге жеткен кезде ғана қауіп төндірмейді, ал балық аулау үшін кемінде 10 сантиметр болуға тиіс, қалыңдығы 20 сантиметрден жоғары мұз жеңіл көлікті көтереді.Оқи отырыңыз:
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/1e/19021128_0:508:1386:1380_1920x0_80_0_0_c527ee1d43f8a56efa84e48296dbbfd9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мұз, автокөлік
Ақтөбе облысында жол талғамайтын көлік мұз астына түсіп кетті – видео
07:10 30.12.2021 (жаңартылды: 09:48 02.02.2022) Құтқарушылар Land Cruiser көлігін екі жарым метр тереңдіктен шығарды
НҰР-СҰЛТАН, 30 желтоқсан – Sputnik. Ақтөбе облысында автокөлік мұз астына түсіп кетті, деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Төтенше жағдай 28 желтоқсанда болды. Құтқарушыларға белгісіз жағдайда Land Cruiser мұздың астына түсіп кеткені туралы хабарлама түскен. Балық аулауға келген жүргізуші мен жолаушы көліктен шығып үлгеріпті.
Еріктілермен бірлесіп құтқару жұмыстары ұйымдастырылды. Құтқарушылар Land Cruiser көлігін 2,5 метр тереңдіктен көтерді, көлік Ақтөбе су қоймасының жағасынан 50 метр жерде болған.
Оқиға орнында мұздың қалыңдығы 5-7 сантиметр болғаны хабарланды.
Төтенше жағдайлар департаменті мұздың беріктігін теуіп тексеруге тыйым салынатынын еске салды. Қалың қар жатқан, атап айтқанда, өсімдік өскен жерлерге жақын (бұта мен қамыс) аумақтар өте қауіпті, мұнда мұз әрқашан жұқа және морт сынғыш болады.
Мұз қалыңдығы кем дегенде 7 сантиметрге жеткен кезде ғана қауіп төндірмейді, ал балық аулау үшін кемінде 10 сантиметр болуға тиіс, қалыңдығы 20 сантиметрден жоғары мұз жеңіл көлікті көтереді.