Оқиға

Алматы облысында ер адам жүгері тиеу кезінде көз жұмды

© Photo : пресс-служба РОСО МЧС КазахстанаСпасатели извлекают погибшего мужчину из-под пресса
Спасатели извлекают погибшего мужчину из-под пресса - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.12.2021
Жазылу
Қайғылы оқиға өткен дүйсенбіде болған. Жұмысшы қысып тығыздайтын құралдың астында қалып қойды
НҰР-СҰЛТАН, 20 дек – Sputnik. Алматы облысында 39 жастағы ер адам жүгеріні тиеу кезінде қысып тығыздайтын құралдың астына түсіп, көз жұмды.
Жазатайым оқиға  Іле ауданының Байсерке ауылында болды. 20 желтоқсанда сағат 21:33-те ТЖМ республикалық жедел құтқару жасағының кезекші пультіне жекеменшік шаруа қожалықтарының бірінде жүгері тиеу кезінде металл конструкция адамды басып қалғаны туралы хабарлама түсті.
Құтқарушылар оқиға орнына шұғыл аттанған, алайда олар келгенге дейін ер адамның көз жұмғаны белгілі болды.
"Құтқарушылар арнайы құрылғының көмегімен металл конструкцияның түбін кесіп, кранның көмегімен жинақтауыш аппаратты жоғары көтерді де, ер адамның мәйітін алып шықты. Қайтыс болған ер адам 1982 жылы туған", - деп хабарлады республикалық жедел құтқару жасағының баспасөз қызметі.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
0