https://sputnik.kz/20211220/shymkent-politsiyasy-oqiga-18926807.html
Шымкентте полиция бөлімінде күтпеген оқиға болды
Шымкентте полиция бөлімінде күтпеген оқиға болды
Sputnik Қазақстан
Қала тұрғыны алаяқтық пен зорлау әрекеті үшін ұсталған болатын. Ал жәбірленушімен бетпе-бет кездескеннен кейін жазадан құтылмайтынын түсінді 20.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-20T08:54+0500
2021-12-20T08:54+0500
2022-02-01T13:05+0500
оқиға
шымкент
полиция
https://sputnik.kz/img/168/45/1684582_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_d748660ee5855a58a4f78f2334b68922.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан – Sputnik. Шымкент қаласында Қылмыстық кодекстің екі бірдей бабы бойынша тергеуге алынған күдікті жоғары қабаттан секіріп, полиция ғимаратынан қашып кеткісі келген.Ресми мәліметке сәйкес, бұған дейін соттың үкімімен 34 жастағы ер адамға іздеу салынған болатын. Ол алаяқтық пен зорлау баптары бойынша айыпталды. Күдікті 19 желтоқсанда қолға түсті. Полицейлер оны аудандық полиция бөліміне жеткізген. Ал тергеуге алынған ер адам қашып кетуге тырысты.Дәрігерлер қашқынды тексеріп шықты. Дене жарақаты анықталған жоқ."Экспресс-К" басылымы таратқан мәліметке сәйкес, тергеуге алынған ер адам баспалдақ дәлізінің төртінші қабатынан секірген. Полиция осы ақпаратты растамаса да, жоққа шығарған жоқ.Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен күдікті уақытша қамау изоляторына тоғытылды.Қылмыстық кодекстің 190 бабы ("Алаяқтық") мен 120 бабы ("Зорлау") бойынша тергеу басталды. Алаяқтық үшін мүлкі тәркіленіп, 1 000 АЕК (2 917 000 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартылуы мүмкін. 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылған.Ал зорлау әрекеті үшін 5 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.
шымкент
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/168/45/1684582_167:0:1127:720_1920x0_80_0_0_a5e0ed41680b39232407c0e163191af8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шымкент, полиция
Шымкентте полиция бөлімінде күтпеген оқиға болды
08:54 20.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Қала тұрғыны алаяқтық пен зорлау әрекеті үшін ұсталған болатын. Ал жәбірленушімен бетпе-бет кездескеннен кейін жазадан құтылмайтынын түсінді
НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан – Sputnik. Шымкент қаласында Қылмыстық кодекстің екі бірдей бабы бойынша тергеуге алынған күдікті жоғары қабаттан секіріп, полиция ғимаратынан қашып кеткісі келген.
Ресми мәліметке сәйкес, бұған дейін соттың үкімімен 34 жастағы ер адамға іздеу салынған болатын. Ол алаяқтық пен зорлау баптары бойынша айыпталды. Күдікті 19 желтоқсанда қолға түсті. Полицейлер оны аудандық полиция бөліміне жеткізген. Ал тергеуге алынған ер адам қашып кетуге тырысты.
"Күдікті жәбір көрген әйелмен кездескеннен кейін жазадан құтылмайтынын түсінді. Ол баспалдақ дәлізіне шыққанда таяныштан аттап, төмен секіріп, қойманың төбесіне құлаған", - дейді полицейлер.
Дәрігерлер қашқынды тексеріп шықты. Дене жарақаты анықталған жоқ.
"Экспресс-К" басылымы таратқан мәліметке сәйкес, тергеуге алынған ер адам баспалдақ дәлізінің төртінші қабатынан секірген. Полиция осы ақпаратты растамаса да, жоққа шығарған жоқ.
Әл-Фараби аудандық сотының үкімімен күдікті уақытша қамау изоляторына тоғытылды.
Қылмыстық кодекстің 190 бабы ("Алаяқтық") мен 120 бабы ("Зорлау") бойынша тергеу басталды. Алаяқтық үшін мүлкі тәркіленіп, 1 000 АЕК (2 917 000 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына тартылуы мүмкін. 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылған.
Ал зорлау әрекеті үшін 5 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы беріледі.