Оқиға

Нұр-Сұлтанда ер адам теміржол вокзалында көз жұмды

© Photo : Facebook/@railways.kzАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.12.2021
Жазылу
Төтенше жағдай елордадағы теміржол вокзалында болды. Көліктегі полиция департаменті тергеу жүргізіп жатыр
НҰР-СҰЛТАН, 13 желтоқсан – Sputnik. ІІМ көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі астананың теміржол вокзалында ер адам қаза болғанын растады.
Бұған дейін БАҚ-та теміржолда механик тоқ соғып, көз жұмғаны туралы ақпарат тарады.
Көліктегі полиция департаменті бұл факті Нұр-Сұлтан стансасы Желілік полиция басқармасының бірыңғай сотқа дейінгі тергеу реестріне Қылмыстық кодекстің 156-бабы 3-тармағы (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан, еңбектi қорғау қағидаларын бұзу) бойынша тіркелгенін түсіндірді. Бұл баптың санкциясы – бес жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру.
Тергеу жүріп жатыр.
Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда теміржол вокзалында неге адам көп жиналғаны белгілі болды
Тергеу мүддесіне байланысты бұл іске қатысты өзге ақпарат жария етілмейді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
0