Оқиға

Ақмола облысының тұрғыны ұрлық жасаймын деп ел алдында күлкіге қалды – видео

© Photo : Pixabay /antonbeWhatsapp
Whatsapp - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.12.2021
Жазылу
Жоғалған жылқыны иелері түні бойы іздеген. Таңертең полицейлер мен қызметтік ит көмекке келді. Ол көршінің үйіне барған
НҰР-СҰЛТАН, 7 желтоқсан — Sputnik. Ақмола облысының тұрғыны ұрлық жасаймын деп бүкіл ауылға күлкі болды. Ол көршісінің жылқысын үйдегі бөлмесіне тығып қойған.
Болған оқиға туралы КТК арнасы хабарлады. 
Ер адам жылқыны қонақ бөлмеге тығып, өзі өзге бөлмеге барып жатқан. Телеарна сол үйде түсірілген видеоны жариялады. 
Жоғалған жылқыны иелері түні бойы іздеген. Таңертең полицейлер мен қызметтік ит көмекке келді. Ол көршінің үйіне барған.
47 жастағы ер адам шақырылмаған қонақтарға да, бөлмедегі жылқыға да таңғалды. Түнімен ішкендіктен, еш нәрсе есімде жоқ деп ақталды. Алайда жылқы тұратын орында оның аяқкиімінің іздері табылды.
Облыстық полиция департаментінің ақпараты бойынша, аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, күдіктінің сыбайластары бар-жоғы анықталып жатыр.
Осы бап бойынша кінәлі деп танылған адамның мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Жаңалықтар
0