18:28 27 Қаңтар 2022
Тікелей эфир
  • USD434.34
  • EUR490.24
  • RUB5.50
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
229110

Қылмыс Қостанай облысында жасалған. Ол күні Натальяның әкесі әдеттегідей мас болған. Екеуінің арасында жанжал туындады

ПЕТРОПАВЛ, 6 желтоқсан — Sputnik. Петропавл қаласының әйелдер колониясында жазасын өтеуші не үшін жантүршігерлік қылмыс жасағанын айтты. Ол әкесін атып тастап, денесін бөлшектеп, ойыққа батырып жіберген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қылмыс Қостанай облысында жасалған. Ол күні Натальяның әкесі әдеттегідей мас болған. Екеуінің арасында жанжал туындады.

"Әкесі қызы жігіттермен кездесіп, жұмыстан кеш келетінін айтып ашуланған. Қызын балағаттай бастаған. Жанжалдан кейін Наталья өз бөлмесіне кіріп кеткен. Ал әкесі Николай залдағы диванда жатты. Ашуға булыққан қыз әкесін өлтіремін деп шешті", - деді Солтүстік Қазақстан облысының қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметінде.

Ол қару алып диванда жатқан әкесінің желкесінен атқан. Ер адам оқиға орнында көз жұмды. Қылмысты жасыру үшін Наталья әкесінің денесін бөлшектеп, ауыл маңындағы ойыққа тастаған. 

Сотта Наталья өз кінәсін мойындамады. Алайда сот оның кінәсі толықтай дәлелденгенін алға тартып, тоғыз жылға бас бостандығынан айырды. Наталья Петропавлдағы әйелдер колониясына 2017 жылы келді.

ЕС-164/6 мекемесінің психологы Гүлжан Сексембаева әйел бұл қылмысты жасағаннан кейін қатты күйзеліске түскен айтты.

"Біз ортаға бейімдеудің жеке жоспарын жасадық, сотталушыны мекеме өміріне тартудың оңтайлы жолдары пайдаланылды. Бірінші кезекте ол өзінің "электрик" мамандығы бойынша жұмысқа орналасты. Психологтар сотталушы осының арқасында эмоционалдық күйзеліс пен алаңдаушылықтан қоғамға пайдалы қызметке бет бұрады деп сенді", - деп атап өтті Гүлжан Сексембаева.

15 жыл бойы зорлаған

Наталья мекеме психологтарына бұл қорқынышты қылмысқа не себеп болғанын айтты.

"Бала кезімнен әкемнің анамды да, бізді де ұрғаны есімде. Ол анамды ұрғаннан кейін ол үйден қашып кетті, мен сол кезде 15 жаста едім. Бұл оны қатты ашуландырды, ол мас болып, мені қатты ұрды. Мен есімнен танып қалдым, сосын ол мені зорлады. Мен бұл туралы ешкімге айта алмадым, ұялдым", - деп мойындады сотталушы.

Наталья 22 жасында өзінен әлдеқайда үлкен ер адамға тұрмысқа шықты, қыз босанды. Қызы бір жасқа толғанда, ерлі-зайыпты ажырасып, Наталья үйге, ата-анасына оралуға мәжбүр болды.

"Зорлық-зомбылық қайтадан басталды. Егер жұмыста сәл кешіксем, мені ұрып-соғып, ер адаммен болғанымды айтатын. Сол күні ашуға булығып, мылтықты алып, оны атып тастадым. Не ол мені өлтірер еді, не мен оны өлтірер едім. Оқиғадан кейін қатты шошыдым. Ол жатқан бөлмені жауып, шығып кеттім. Кейін есімді жиып, оны пакетке орап, көшеге шығардым. Денесін бөлшектеп, ойыққа тастадым", - деді сотталушы.

Көктемде мұз еріп, дененің бір бөлігі су бетіне шығып, қамыс арасында тұрып қалды. Оны көлдің жанында ойнап жүрген балалар тауып алды.

"Мені ұстаған кезде "түрмеде отырамын, ал қызымды бұрынғы күйеуім алып қояды" деген ой келді. Бірақ қазір мен күйеуіммен де, қызыммен де араласмын. Ол маған: "бостандыққа шыққанда қызымызға өзің түсіндіресің", – деді. Қызым мені басқа қалада жұмыс істеп, ұзақ іссапарда жүр деп ойлайды. Мен оны соңғы рет көргенде сегізде болды. Оның жанында әкесі мен әжесі бар, бәрі жақсы. Қазір менің қызым 13 жаста. Ол 14-ке келгенде мерзімнен бұрын шартты босап шығамын деп үміттенемін", - дейді Наталья.

Қазір ол әкесі оған алғаш рет қиянат жасағанда үйден кетіп қалмағанына өкінеді. Оның үстіне, әпкесі әкесі өзін зорлайтынын сезіп, үйден кетіп қалған. Кіші сіңлісі де әкесі үйге мас болып келген кезде жанында ұйықтағанын айтты.

"Анам үйде не болып жатқанын түсінді деп ойлаймын. Бірақ әкемнен қорқып, ештеңе болмағандай сыңай танытты. Кейде ол менің түсіме кіреді. Оны мен өлтіргенімді айтуға қорқамын. Ол өмірімде болмаса да, қорқыныш қалды", - деді Наталья.

Тақырып бойынша

Оралда өгей әкесін өлтіргені үшін сотталған оқушы қыздың мәйіті табылды
"Кетпенмен де ұрған": Шымкентте оқушы сыныптасының әкесін өлтірді
Бес жастағы бала әкесін өлтіріп алды
Әкесін ұрлаған: Алматыда секіріп өлген ер адамға қатысты тың ақпарат жарияланды
Тас боратқан: Әкесін жерлеп келе жатқан ер адамды қан-жоса етіп ұрып кетті – видео
Кілт сөздер:
әке, әйел, қылмыс
Загрузка...

Басты тақырып