Оқиға

Нұр-Сұлтандағы сауда орталығында жігіт 2-қабаттан фонтанға секірді – видео

© Photo : ДП Нур-СултанаПарень прыгнул в фонтан со второго этажа в ТРЦ
Парень прыгнул в фонтан со второго этажа в ТРЦ - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.12.2021
Жазылу
Полиция ақпаратына сәйкес, болған оқиға туралы сауда орталығының күзетшісі хабар берген. Жігіт бұған дейін де ұсақ бұзақылық үшін жауапқа тартылған
АЛМАТЫ, 5 желтоқсан — Sputnik. Елордалық полиция департаментінің қызметкерлері Mega SilkWay сауда орталығында екінші қабаттан фонтанға секірген тұрғынды ұстады. Ол ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік қамауға алынды.
Полиция ақпаратына сәйкес, болған оқиға туралы сада орталығының күзетшісі хабар берген.
"19 жастағы астаналық достарымен бәстесіп, бірінші қабаттағы фонтанға секірген. Оқиға сауда орталығына келушілердің көз алдында болды. Жігітті Mega SilkWay күзетшілері ұстап, полиция қызметкерлеріне берді", - деді қалалық полиция департаментінде.
Оқиға орнында мән-жай анықталған соң жігіт "Есіл" ауданы полиция бөлімшесіне жеткізілді. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы ("ұсақ бұзақылық") бойынша әкімшілік өндіріс басталды.
"Мамандандырылған ауданаралық сот шешімімен тәртіп бұзған тұрғын қамауға алынды", - деп нақтылады полиция департаментінде.
Жігіт бұған дейін де ұсақ бұзақылық үшін жауапқа тартылған. Ол жолы Алматы метросында музыканы қатты қосқан.
Жаңалықтар
0