Оқиға

Оралда жиырма жастағы полицей өзін-өзі атып тастады

© Sputnik / Абзал КалиевПолицейская форма
Полицейская форма  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.12.2021
Жазылу
Полиция департаменті ол бірде-бір рет тәртіптік жазаға тартылмаған ұқыпты қызметкер болғанын атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан – Sputnik. Қайғылы оқиға үшінші желтоқсанда таңғы сағат 7.40-та Орал полиция басқармасы ғимаратында болды, деп жазды "Мой город".
Жасы небәрі 20-да болған полиция кіші сержанты қызметтік міндетін атқарып жүріп өз-өзіне қол жұмсаған.
Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті жас жігіт әскери борышын өтеп, 2021 жылдың мамыр айында полицияға жұмысқа орналасқанын хабарлады.
"Қызмет атқарған уақытында ол өзін жақсы қызметкер екенін көрсетті, физикалық тұрғыдан шыңдалды. Режимді сақтады, жұмысқа кешікпеді. Қызмет атқарған уақыт ішінде оған жаза қолданылмаған", - деді полициядағылар.
Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, бір мезгілде қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
0