Оқиға

Қарағандыда жол апатынан алты айлық сәби көз жұмды

CC0 / bingngu93 / Младенец
Младенец - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2021
Жазылу
Қазіргі кезде тергеу шаралары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Соның нәтижесінде процессуалдық шешім шығарылады

НҰР-СҰЛТАН, 29 қараша – Sputnik. Қарағандыда болған жол апаты кезінде алты айлық нәресте көз жұмды, тағы екі адам жарақат алды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Денис Денски КАРАГАНДА (@denski_blog)

Жол оқиғасы бүгін таңғы уақытта Карл Маркс – Лиговская қиылысында болған, деп хабарлайды ekaraganda.kz.

"Алдын ала мәліметке сәйкес, 21 жастағы Mercedes-Benz E 220 көлігінің жүргізушісі Карл Маркс көшесімен келе жатып, Лиговскаямен қиылысатын жерде бағдаршамның сары түсіне өтіп кеткісі келген. Сол кезде Volkswagen Golf көлігімен соқтығысты. Рөлде 24 жастағы жүргізуші отырған", - дейді полицейлер.

Golf-тың жүргізушісі, салонда болған 25 жастағы әйел және оның алты айлық нәрестесі ауруханаға жеткізілді. Бірақ сәби алған жарақатынан көз жұмды.

Қазіргі кезде тергеу шаралары басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Соның нәтижесінде процессуалдық шешім шығарылады.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0