Оқиға

Алматыда тамырымен жұлынып кеткен ағаш көлік үстіне құлады – видео

© Sputnik / СтрингерДерево упало на автомобиль
Дерево упало на автомобиль - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2021
Жазылу
Ағаш тұрақта тұрған Kia Rio көлігінің дәл үстіне құлады. Машинаның алдыңғы жағы толықтай ішіне кіріп кетті

АЛМАТЫ, 26 қараша — Sputnik. Алматыда тамырымен жұлынған ағаш көлік үстіне құлады. Оқиға 26 қарашада Қалдаяқов - Гоголь көшелерінің қиылысында болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ағаш тұрақта тұрған Kia Rio көлігінің дәл үстіне құлады. Машинаның алдыңғы жағы толықтай ішіне кіріп кетті.

© Sputnik / СтрингерКөлікте ешкім болмаған
Алматыда тамырымен жұлынып кеткен ағаш көлік үстіне құлады – видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2021
Көлікте ешкім болмаған

Бұл уақытта көлік ішінде ешкім болмаған.

Оқиға орнына жедел қызметтер жетті. Қалалық қызмет мамандары діңгекті кесіп, ағашты жүк көлігіне тиеп алып кетті.

© Sputnik / СтрингерАғашты жүк көлігіне тиеп алып кетті
Алматыда тамырымен жұлынып кеткен ағаш көлік үстіне құлады – видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2021
Ағашты жүк көлігіне тиеп алып кетті

4 қарашада Алматының Медеу ауданында жазғы дөңгелекпен жүрген көлік бірнеше метрге ұшып кетіп, ағашқа тіреліп тоқтаған болатын.

Жаңалықтар
0