Оқиға

Шымкентте дене шынықтыру сабағынан кейін оқушы көз жұмды

© Sputnik / Абзал КалиевКапельница
Капельница - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2021
Жазылу
Жедел жәрдем жасөспірімді ауруханаға алып кетті. Ол жансақтау бөліміне түскен

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Шымкентте 7-сынып оқушысы көз жұмды. Бұл туралы Шымкент қаласы білім беру басқармасының басшысы Жанат Тажиева хабарлады, деп жазды Оtyrar.kz.

"Мектеп директорының сөзінше, 7-сынып оқушысы 19 қараша күні дене шынықтыру сабағында өзін нашар сезінген. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі жасөспірімді мектептің медбикесіне алып барды. Медбике оны тексеріп, жедел жәрдем шақырған. Анасына дереу хабар берілді", - деді Жанат Тәжиева.

Жедел жәрдем жасөспірімді ауруханаға алып кетті. Ол жансақтау бөліміне түскен. 20 қарашада таңертең анасы ұлының көз жұмғанын айтты.

Жанат Тәжиеваның айтуынша, жасөспірім дарынды балаларға арналған № 1 лицей-интернатының 7-сыныбында білім алған. Ол жүрек ақауынан көз жұмды.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0