Оқиға

Қостанайда жол апатынан екі адам көз жұмды

© Sputnik / Владислав ВодневКарета скорой помощи на дороге столицы
Карета скорой помощи на дороге столицы - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.11.2021
Жазылу
Қостанай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, BMW көлігін мас күйінде жүргізген ер адам жол апатына себепкер болған

НҰР-СҰЛТАН, 22 қараша – Sputnik. Рудный-Қостанай тас жолында қайғылы жағдаймен аяқталған жол апаты болды.

Қостанай облыстық полиция департаментінің мәліметінше, BMW көлігін мас күйінде жүргізген ер адам жол апатына себепкер болған.

21 қараша күні таңғы сағат 5.30 шамасында 29 жастағы жүргізуші Рудный-Қостанай автожолында BMW көлігін мас күйінде жүргізіп, рөлге ие бола алмай жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Сол кезде Audi маркалы көлікпен соқтығысқан.

"Жол апаты салдарынан BMW жүргізуші мен сол көліктегі бір жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Audi жүргізушісі мен бір жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, тағы 2 жолаушы ауруханаға жатқызылды", – делінген хабарламада.

Жол апаты бойынша Қылмыстық кодекстің 345 бабының 4 бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын басталды.

BMW жүргізушісі Рудный қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0