14:27 06 Желтоқсан 2021
Тікелей эфир
  • USD436.29
  • EUR492.83
  • RUB5.92
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
COVID-ке қарсы вакцина (429)
4489 0 0

Вакциналауға қарсы заңсыз наразылық акциясына қатысушылар денсаулық сақтау министрінің отставкаға кетуін талап етті. Оқиға орнына полиция келді

НҰР-СҰЛТАН, 19 қараша – Sputnik. Көпбалалы аналар денсаулық сақтау министрлігіне келіп, министр Алексей Цойдың отставкаға кетуін талап етті.

Видео ABZHAN NEWS Telegram каналында жарияланды.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсінік берді. Ведомство мамандары әйелдердің балаларға екпе салуға және жалпы вакциналауға қарсылық білдіріп жатқанын айтты.

"Біз жасөспірімдерге вакцина салып жатырмыз. Профилактикалық екпеге ата-аналардың ерікті, жазбаша және ақпараттық келісімін аламыз", - деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.   

Әйелдерге барлық мәселені түсіндіру үшін министрлік өкілдері – денсаулық сақтау министрлігі қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы филиалының директоры Айнагүл Қуатбаева мен орталықтың сарапшысы шықты, дегенмен олар ешкімге құлақ аспады.

Акцияға қатысушылар кездесуді талап етіп отырған министрдің өзі іссапарда жүр.

Кейін наразылық білдірушілер қол ұстасып, Мәңгілік ел даңғылының бойында тізбектеліп тұрып алды.

Оқи отырыңыз: Балаларға вакцина мектептерде салынады – Цой 

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерді коронавирус инфекциясына қарсы егу басталды. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов барлық өңірдің басшылығына белгіленген ережелерді қатаң сақтауды және жасөспірімдерді ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің жазбаша ақпараттық келісімімен ғана вакциналауды тапсырды.

Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (429)
Кілт сөздер:
вакцина, видео, көпбалалы отбасы, Алексей Цой
Загрузка...

Басты тақырып