АЛМАТЫ, 19 қараша – Sputnik. Алматыда зейнеткерді қағып кеткен ер адам ұсталды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жуырда зардап шеккен адамның туыстары әлеуметтік желі арқылы жол апатының куәгерлерін іздеді.
"Әжемізді Розыбакиев пен Қабанбай батыр көшесінде көлік қағып кеткен. Оқиға сейсенбі, 16 қарашада болған. Әжемізді қағып, көлігіне отырғызған, әрі қарай бір аулада қалдырып кеткен. Оның үйге қалай жеткенін білмейміз. Жедел жәрдем шақырдық, оны ауруханаға алып кетті. Басын жарақаттаған. Аяғы, қабырғасы мен сан сүйегі сынған", - делінген жазбада.
Алматы қаласы полиция департаменті көлік жүргізушінің жаяу жүргіншіні қағып, сондай-ақ апат орнынан кеткені үшін жауапқа тартылғанын хабарлады.
Құқық қорғаушылар бұл фактінің 16 қарашада тіркелгенін жеткізді. Іс Алмалы ауданы полиция басқармасында қаралады.
Оқи отырыңыз: