Оқиға

Алматыда ер адам отбасылық жанжалдан кейін әйелін пышақтап өлтірді

© Sputnik / Табылды КадырбековАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.11.2021
Жазылу
Жантүршігерлік қылмысқа отбасылық жанжал себеп болған, күдікті қамауда отыр

НҰР-СҰЛТАН, 17 қараша – Sputnik. Алматыда отбасылық жанжалдан кейін 34 жастағы әйелін пышақтап өлтірген ер адам ұсталды.

Алматы полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, жантүршігерлік оқиға Наурызбай ауданында болған.

"Отбасылық жанжал салдарынан 34 жастағы әйел ауыр пышақ жарақатынан көз жұмды. Кісі өлтірді деген күдікпен оның күйеуі "ізін суытпай" ұсталды", - деді Наурызбай ауданы полиция басқармасының басшысы, полиция полковнигі Дидар Аханов.

Пышақ тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қосылды. Қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0