01:52 30 Қараша 2021
Тікелей эфир
  • USD433.74
  • EUR489.52
  • RUB5.78
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
Абай шахтасындағы төтенше оқиға (7)
48 0 0

Абай қаласындағы шахтада болған оқиғаның анық-қанығын анықтау мақсатында үкіметтік комиссия құрылды

НҰР-СҰЛТАН, 7 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысында қаза болған кеншілердің отбасына көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты. 

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысындағы "Абай" шахтасында метан газының жарылуы салдарынан қаза тапқан шахтерлердің жақындары мен туыстарына көңіл айтты. Сондай-ақ зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді", - делінген хабарламада. 

Мемлекет басшысы үкіметке шахтерлердің отбасына көмек көрсету жөнінде тапсырма берді. Болған оқиғаның анық-қанығын анықтау мақсатында үкіметтік комиссия құрылды.

Министр Юрий Ильин бастаған төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері апат болған жерде тиісті жұмыстарды жүргізуге кірісті.

"Абай" шахтасындағы төтенше оқиға

Жексенбі, 7 қарашада сағат 09:30-да Қарағанды облысы Абай қаласындағы шахтада төтенше жағдай болды. Шахтада барлығы 64 адам болған. 56 адам өздері жер бетіне шыққан. Метан газы тараған 3-К10 кенжарында сегіз адам қалған. Алтауы қаза тауып, екеуі зардап шекті, олардың жағдайы ауыр.

Полиция қылмыстық кодекстің 277-бабының 3-бөлімі (Екі және одан да көп адамның өліміне алып келген тау және құрылыс жұмыстары кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғады.

Тақырып:
Абай шахтасындағы төтенше оқиға (7)
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, үкімет
Загрузка...

Басты тақырып