Оқиға

Қызылорда облысында болған апат салдарынан екі адам көз жұмды

© Sputnik / Абзал КалиевВиды вечерней Кызылорды
Виды вечерней Кызылорды - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.11.2021
Жазылу
Қызылорда облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты тиісті сот сараптамалары тағайындалғанын хабарлады

ҚЫЗЫЛОРДА, 2 қараша – Sputnik. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында "Toyota Hilux" және "ВАЗ-2107" көліктері соқтығысып, екі адам қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Көліктер бүгін Жаңақорған кентіндегі Хорасан ата көшесінің бойында соқтығысты. Полиция апат салдарынан екі адам қайтыс болғанын растады.

"Екі адам көз жұмды, екі адам түрлі дене жарақатымен медициналық мекемеге жеткізілді. Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Бұл бапта көлік басқаратын адамның жол жүрісі қағидаларын бұзып, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соғу жағдайы көрсетілген", – деді Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0