Оқиға

Нұр-Сұлтанда көлік екі жаяу жүргіншіні қағып кетті – видео

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуМужчина идет по пешеходному переходу
Мужчина идет по пешеходному переходу - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2021
Жазылу
Жол апаты кезінде 60 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Төрт адам ауруханаға жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 1 қараша – Sputnik. Елордада "Астаналық" сауда үйінің жанында көлік екі адамды қағып кетті, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.

Апат салдарынан ер адам қайтыс болды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_astana 🇰🇿🚔🔝 (@kris.p.astana)

Ресми мәліметке сәйкес, оқиға 31 қазанда күндіз сағат 13:33-те болған. Kia көлігінің 22 жастағы жүргізушісі Уәлиханов көшесімен келе жатып, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Сол кезде екі адам жолдан өтіп бара жатқан. Ол екеуін де қағып, инерциямен Lada-ға соғылды.

Жол апаты кезінде 60 жастағы жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Екінші адам, сондай-ақ, Lada-ның екі жолаушысы мен Kia жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлердің тексеруінен кейін барлығы үйіне жіберілді.

Тәртіп сақшылары сотқа дейінгі тергеу шараларын бастады.

Айта кетері, жол апаты болған жерде бұрын орталық базар болған. Қазір ол жерде тұрғын үйлер бой көтерген. Дәл жанында астаналық базар (бұрынғы Артем) және Тұлпар сауда үйі бар. Жұмыс күндері және демалыста үнемі қарбалас, көлік кептелісі де жиі болып тұрады.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0