18:06 30 Қараша 2021
Тікелей эфир
  • USD433.74
  • EUR489.52
  • RUB5.78
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
11391 0 0

Оқиға 16 қазан түнде болған. Орталық алаңға жиналған жастар бір-бірімен келісе алмай, арты төбелеске ұласқан

ҚЫЗЫЛОРДА, 18 қазан – Sputnik. Қызылорданың орталық алаңына жиналған бір топ адам төбелесті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Төбелестің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды. Желі қолданушылары "мұндайға қалай жол берген?", "Ата-аналары қайда қарап отыр?", "район-район болып бөліну әлі бар ма?" деп пікір қалдырған.

Видеодан екі топтың бір-біріне тұра ұмтылғаны анық көрініп тұр. Төбелескендердің "Давай, Новбазар!" деп айқайлаған даусы да естіледі. Куәгерлер төбелесті тоқтатуға тырысқан.

Қызылорда қалалық полиция басқармасы берген мәліметке сүйенсек, оқиға 16 қазанда болған. Орталық алаңда жүрген жастар сөзге келіп қалған. Патрульдік полиция қызметкерлері жастарды ұстап, мәселенің мән-жайын анықтап жатыр.

"16 қазан сағат 22:50 шамасында орталық алаңда жастар төбелесіп жатыр деген хабар келді. Сол жерде патрульдік полиция қызметкерлері бірнеше кәмелетке толмаған тұрғынды ұсталып, қалалық полиция басқармасына жеткізді. Бұл дерек бойынша қылмыстық кодексінің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары басталды", – деді қалалық полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы Алмас Сыздықов.

Тақырып бойынша

Бассейнде қыздарға тиіскен: Алматы облысында демалыс аймағында төбелес шықты
Нұр-Сұлтандағы көпірдің қақ ортасында болған төбелес видеоға түсіп қалды
Ауыл тұрғындары арасында жаппай төбелес шықты: полиция видеодағы адамдарды іздеп жатыр
Нұр-Сұлтанда жаппай төбелес болды – видео жарияланды
Президент кубогы үшін хоккей турнирінде жаппай төбелес болды – видео
Кілт сөздер:
видео, Қызылорда, төбелес
Загрузка...

Басты тақырып