Оқиға

Солтүстік Қазақстанда 17 жастағы жасөспірім граната тауып алды

© Sputnik / Абзал КалиевМигалки на полицейской машине
Мигалки на полицейской машине  - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2021
Жазылу
Полиция қызметкерлері оқиға орнын қоршауға алып, жақын маңдағы үш үйдің жеті тұрғынын қауіпсіз жерге көшірді

НҰР-СҰЛТАН, 15 қазан –  Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында 17 жастағы жасөспірім алаңқай жерден граната тауып алды, деп хабарлайды Polisia.kz.

© Photo : Сайт Polisia.kzСолтүстік Қазақстанда 17 жастағы жасөспірім граната тауып алды
Солтүстік Қазақстанда 17 жастағы жасөспірім граната тауып алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2021
Солтүстік Қазақстанда 17 жастағы жасөспірім граната тауып алды

Қызылжар ауданындағы ауылдардың бірінің 17 жастағы тұрғыны алаңқайдан гранатаға ұқсас затты анықтаған. Бала оны тәтесінің үйіне әкелген, ал ол полицияға хабарлаған.

Соколов поселкелік полиция бөлімшесінің қызметкерлері оқиға орнын қоршауға алып, жақын маңдағы үш үйдің жеті тұрғынын қауіпсіз жерге көшірді. Мамандар қауіпті затты арнайы қалыпқа салды. Табылған зат "УЗРГМ" тұтандырғышы бар "РГД" гранатасы болып шықты.

"Зат сараптамаға жіберілді, кейін арнайы жағдайларда жойылады, – деп хабарлады Қызылжар ауданы ПБ бастығының міндетін атқарушы Нұрлыжан Ақтанов.

Ол жарылғыш зат табылған жағдайда өздігінен жарылып кетпеу үшін оларды көшіруге, орнын ауыстыруға болмайтынын еске салды.

Жаңалықтар
0