Өңірлер

Таразда бір топ адам төбелесті – видео

© Sputnik / Табылды КадырбековДрака, архивное фото
Драка, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.10.2021
Жазылу
Оқиға орнында түсірілген видеодан ер адамдар екіге бөлініп төбелескенін байқауға болады. Арасында тапанша ұстап жүргені де бар

АЛМАТЫ, 15 қазан – Sputnik. Таразда түнгі уақытта бір топ адам төбелесті. Оқиға 15 қазанға қараған түні болған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жамбыл облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, сағат 01:22-де полицияға Тараз қаласында орналасқан дәмханалардың бірінде белгісіз біреулер қоғамдық тәртіпті бұзып, бір-біріне күш қолданғаны жайлы хабар түскен.

Оқиға орнында түсірілген видеоға сәйкес, бір топ адам екіге бөлініп төбелескен. Арасында тапанша ұстап жүргені де бар.

Аталған дерек негізінде Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігінің 2-тармағы (Бұзақылық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Өзге дерек тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0