Оқиға

Көкшетауда газ баллоны жарылып, тұрғындар зардап шекті - фото

© Photo : Департамент по чрезвычайным ситуациям Акмолинской областиКөкшетауда газ баллоны жарылды
Көкшетауда газ баллоны жарылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2021
Жазылу
Көкшетауда ондаған пәтерде бір апта бойы орталық газ болмаған. Тұрғындар газ жоқ кезде баллонды пайдаланған

НҰР-СҰЛТАН, 13 қазан – Sputnik. Көкшетау қаласындағы көпқабатты тұрғын үйде газ баллоны жарылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Екі әйел жарақатен ауруханаға жеткізілді, үш пәтерге зақым келген. 

© Photo : Департамент по чрезвычайным ситуациям Акмолинской областиКөкшетауда газ баллоны жарылды
Көкшетауда газ баллоны жарылып, тұрғындар зардап шекті - фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2021
Көкшетауда газ баллоны жарылды

Төтенше жағдай Көктем шағын ауданында болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, пәтер иелері орталық газ болмаған кезде баллонды пайдаланған. Ал орталық газды қосқанда жарылыс болған.

© Photo : Департамент по чрезвычайным ситуациям Акмолинской областиКөкшетауда көпқабатты тұрғын үйде газ баллоны жарылды
Көкшетауда газ баллоны жарылып, тұрғындар зардап шекті - фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.10.2021
Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйде газ баллоны жарылды

Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаменті болған жағдайды растады.

"12 қазанда сағат 19.05-те Көктем шағын ауданы, 5А мекенжайы бойынша 25-пәтерде газ жарылды. Соның салдарынан 24-ші және 14-ші пәтерге зақым келді. Төтенше жағдай кезінде екі әйелді күйік шалды. Олар облыстық ауруханаға жеткізілді", - дейді құтқарушылар.

Өрт сөндірушілер газ баллонының неден жарылғанын анықтауға кірісті.

Айта кетері, Көкшетауда ондаған пәтерде бір апта бойы орталық газ болмаған. Оларға "Газ Қызмет" қызмет көрсетеді. 12 қазанда компаниясы газ реттеу қондырғыларын сұйылтылған газбен толтыра бастады.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0