Өңірлер

Солтүстік Қазақстанда ВАЗ екі жүк көлігімен соқтығысты: жолаушы көз жұмды

© Photo : Рixabay/Kira Hoffmann Трещины на стекле, архивное фото
Трещины на стекле, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.10.2021
Жазылу
Жол апатынан жеңіл көлік жолаушысы көз жұмды. Зардап шеккен тағы екі әйел ауруханаға жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 12 қазан — Sputnik. Солтүстік Қазақстанда жеңіл автомобиль екі жүк көлігімен соқтығысып, салдарынан ВАЗ жолаушысы қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жол апаты сейсенбі, 12 қазанда Нұр-Сұлтан – Петропавл тасжолында болды.

"Көпір іспеттес нысанға жақындай бергенде ВАЗ-2112, ГАЗ 3507 және ГАЗель маркалы көліктер соқтығысып қалды. Қайғылы оқиға салдарынан жеңіл автокөлікте болған 1975 жылғы жолаушы көз жұмды", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жол апаты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөліміне сәйкес бірыңғай сотқа дейінгі тергеулер тізіміне енгізілді. Зардап шеккендердің барлығы медициналық мекемеге жеткізілді.

Оқиға орнына Қызылжар аудандық полиция бөлімінің жедел тергеу тобы жетті. Сотқа дейінгі тергеу амалдары аясында полиция жол апатының себебін анықтайды. Бірқатар сараптама тағайындалды. Атқарылған іс-шаралар нәтижесінде процестік шешім қабылданады.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0