06:53 18 Қазан 2021
Тікелей эфир
  • USD425.78
  • EUR494.08
  • RUB5.98
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
Әскери бөлімдегі жарылыс (82)
8701 0 0

Жамбыл облысында Тараз қаласына жақын маңда 10 қазанда таңғы жеті жарым шамасында жарылыс болды

НҰР-СҰЛТАН, 10 қазан — Sputnik. Жамбыл облысының Сарыкемер ауылындағы инженерлік оқ-дәрілер қоймасының аумағында осыған дейінгі өрт кезінде зақымданған қауіпті зат жарылды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.  

Жарылыс 10 қазанда сағат 7.20 шамасында болған.

"Жарылыс салдарынан оқ-дәрілердің қалдықтары мен бөлшектері  жан-жаққа ұшпаған. Бұл жұмыстан тыс уақытта болды. Жақын жерде адамдар болмаған. Ғимараттар мен құрылыстар зақымдалмаған. Аудандағы ахуал тұрақты", - деп хабарлады қорғаныс министрлігі.

Мамандардың айтуынша, алдағы уақытта да бұндай жағдайлар болуы мүмкін. Бұдан бөлек, қойма аумағында қауіпті оқ-дәрілердің бақыланатын жарылыстары жүргізілмек.

Қазіргі уақытта 26 тамызда өртенген қойманың техникалық аумағын жарылғыш заттардан тазарту жұмыстары жалғасып жатыр.

Еске сала кетейік, 26 тамызда Байзақ ауданындағы әскери бөлімнің аумағында болған өрт пен жарылыстан 17 адам қаза тапты. Оның ішінде 10-ы – азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері, алтауы – қорғаныс министрлігінің әскери қызметкерлері және бір әскери прокурор. Бір адам хабар-ошарсыз кетті.

Жарылыстан кейін қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетті, оның орнына Мұрат Бектанов тағайындалды.

Тақырып:
Әскери бөлімдегі жарылыс (82)

Тақырып бойынша

Тараз түбіндегі жарылыс: қаза тапқан құтқарушылардың отбасы 20 млн теңгеден алады
Тараз түбіндегі жарылыс: тағы бір өрт сөндіруші көз жұмды
Тараз маңындағы жарылыс: жоғалған әскериді іздеу жалғасып жатыр
Тараз түбіндегі жарылыс: әскери прокурор құрметіне мемориалды тақта қойылды
Тараз түбіндегі жарылыс: қаза тапқандардың кредиті кешірілді
Кілт сөздер:
Тараз, жарылыс, видео, Қорғаныс министрлігі
Загрузка...

Басты тақырып