Оқиға

Астанада сауда орталығы өртеніп жатыр – видео

© Photo : ТЖМ баспасөз қызметі"Астықжан" сауда орталығы жанып жатыр
Астықжан сауда орталығы жанып жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2021
Жазылу
Өртті сөндіруге 76 адам мен 19 техника жұмылдырылды

НҰР-СҰЛТАН, 2 қазан – Sputnik. Нұр-Сұлтанда "Астықжан" сауда орталығынан өрт шықты. Ғимараттың үшінші қабатында жиһаз салоны жанып жатыр, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

2 қазан таңертең елордалық ТЖД-ға Әл-Фараби даңғылында өрт шыққаны туралы ақпарат түсті. Өрт сөндіру бөлімшелері 09:42-де оқиға орнына жоғары шақыру нөмірі бойынша аттанды.

© Sputnik / СтрингерҚою қара түтін алыстан көрінеді
Астанада сауда орталығы өртеніп жатыр – видео - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2021
Қою қара түтін алыстан көрінеді

"Олар оқиға орнына алты минутта жетті. Анықталғандай, "Астықжан" сауда орталығының 3-қабатында жиһаз салоны жанып жатыр. Алдын ала ақпарат бойынша қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ", - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда елордалық өрт сөндірушілер – 76 адам мен 19 техника тілсіз жаумен арпалысуда. Өрт сөндіру штабы ұйымдастырылды.

Жаңалықтар
0