Оқиға

Ауғанстанның үш азаматы Қазақстан шекарасын заңсыз кесіп өтпекші болды

© Sputnik / Галина Кмит / Медиабанкке өтушекара
шекара - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.09.2021
Жазылу
Олар Қазақстанға Өзбекстан шекарасы арқылы кірмекші болған

НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Түркістан облысында шетелдіктерді заңсыз тасымалдаған күдіктілер ұсталды.

Сарыағаш көші-қон қызметінің қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында үш шетелдікке шекарадан заңсыз өтуге көмектескен екі Қазақстан азаматын ұстады.

"Олар Өзбекстан арқылы Қазақстан шекарасын кесіп өтуге тырысқан Ауғанстан азаматтары болып шықты", - деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құқық бұзушылар аудандық полиция бөліміне жеткізілді.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 392-бабы "Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, ал екі жергілікті тұрғынға қатысты Қылмыстық кодекстің 394-бабы "Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу оқиғаның барлық мән-жайын және күдіктілердің басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғын анықтайды.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0