НҰР-СҰЛТАН, 30 қыркүйек – Sputnik. Батыс Қазақстан облысындағы Бөрлі ауданында жүк пойызы 26 жастағы әйелді басып кетті. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан "Мой город" порталына сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар департаменті таратқан мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға "Қазақстан" стансасының №5 пикетіндегі 1 406 шақырымда болған. Трагедияның қандай жағдайда болғаны белгісіз. Қазіргі кезде тергеушілер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Ал көліктегі полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 344-бабы (Абайсызда адам өліміне әкеліп соққан қозғалыс қауіпсіздігі ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
"Пойыздар қозғалысы бұзылған жоқ. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", - дейді мамандар.