Оқиға

Атыс кезінде қайтыс болған алматылық полицейдің бес баласы қалды

© Sputnik/Александр МирогловПогибшие в перестрелке полицейские Дархан Сулеев и Нурбол Байгазиев
Погибшие в перестрелке полицейские Дархан Сулеев и Нурбол Байгазиев - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2021
Жазылу
Үйді босатуға келіспеген ер адам аңшы мылтығымен оқ жаудырған. Карабин заңды түрде тіркелген. Полицейлерде табельді қару болған. Бірақ олар қызмет қаруын пайдаланбаған

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. Алматы қалалық полиция департаментінің бастығы Қанат Таймерденов оққа ұшқан екі полицей туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Дархан Сүлеев бізде 2004 жылдан бері жұмыс істеген. Жақында ғана академияны аяқтады. Оның бес баласы қалды. Ал Нұрбол Байғазиев 2014 жылы келді. Оның екі баласы қалды. Балалардың бәрі кәмелеттік жасқа толмаған. Учаскелік инспекторлар Ақбұлақ ауданында жұмыс істеген. Екеуі де жақсы қызмет атқарды. Халық тарапынан талай рет алғыс айтылды", - деді Таймерденов арнайы брифингте.

© Sputnik / Александр МирогловДархан Сүлеевтің артында бес баласы қалды
Атыс кезінде қайтыс болған алматылық полицейдің бес баласы қалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2021
Дархан Сүлеевтің артында бес баласы қалды

Оның айтуынша, үйді босатуға келіспеген ер адам аңшы мылтығымен оқ жаудырған. Карабин заңды түрде тіркелген. Полицейлерде табельді қару болған. Бірақ олар қызмет қаруын пайдаланбаған.

© Sputnik/Александр МирогловНұрбол Байғазиев полицияға 2014 жылы келді. Оның екі баласы қалды
Атыс кезінде қайтыс болған алматылық полицейдің бес баласы қалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2021
Нұрбол Байғазиев полицияға 2014 жылы келді. Оның екі баласы қалды

"Құқық қорғаушылардың табельді қаруды не себепті қолданбағанын тергеу кезінде анықтаймыз", - деді Таймерденов арнайы брифингте.

Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі ("Екі және одан көп адамды өлтіру"), сондай-ақ, 380-бап ("Билік өкіліне шабуыл жасау") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

"Күдіктің өзі бұған дейін істі болмаған. Атыс кезінде үйде отбасы мүшелері отырған. Олардың ішінде кәмелеттік жасқа толмаған үш баласы бар. Барлығы үйде 7 адам болған", - деп атап көрсетті Таймерденов.

Қайтыс болған полиция қызметкерлерінің отбасыларына заң аясында көмек көрсетіледі.

Жаңалықтар
0