Оқиға

Тараз түбіндегі жарылыс: әскери прокурор құрметіне мемориалды тақта қойылды

© Photo : Генпрокуратура РКТаразда жарылыс кезінде қаза тапқан әскери прокурорды еске алды
Таразда жарылыс кезінде қаза тапқан әскери прокурорды еске алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2021
Жазылу
Арман Қапезов Жамбыл облысындағы оқ-дәрілер қоймасында болған жарылыста қаза тапқан болатын

НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Тараз қаласында әскери прокуратура ғимаратының қасбетіне қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан әскери прокурор, әділет полковнигі Арман Қапезовке арналған мемориалды тақта қойылды. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Тақтаны бас әскери прокурор әділет генерал-лейтенанты Дастан Сартаев пен Арман Қуанышұлының анасы Ділда Қапезова ашты.

"Арман Қуанышұлы адамдарды топтастыра білетін және әріптестер арасында құрмет пен беделге ие болатын. Ол өзінің мықты ішкі мәдениетімен, ерекше ақылымен және жоғары адамгершілік қасиеттерімен ерекшеленетін. Арманның жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі қалады", – деді Дастан Сартаев.

Сонымен қатар іс-шараға бас прокуратура, облыс әкімдігінің өкілдері мен Арман Қапезовтің туыстары қатысты.

© Photo : Генпрокуратура РКТаразда жарылыс кезінде қаза тапқан әскери прокурорды еске алды
Тараз түбіндегі жарылыс: әскери прокурор құрметіне мемориалды тақта қойылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2021
Таразда жарылыс кезінде қаза тапқан әскери прокурорды еске алды

Олар мемориалды тақтаға гүл шоқтарын қойып, әріптестерін бір минут үнсіздікпен еске алды.

Естеріңізге сала кетейік, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданының №28349 әскери бөлімінде оқ-дәрілер қоймасындағы жарылыс кезінде Оңтүстік аймағының әскери прокуроры Арман Қапезов қаза тапқан болатын. Оның артында төрт баласы қалды.

Ерлігі мен жанқиярлығы үшін Арман Қапезов қайтыс болғаннан кейін мемлекет басшысының жарлығымен І-дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды.

Әскери бөлімдегі жарылыс

26 тамыз кешке Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймада өрт басталып, бір сағаттан кейін қоймада оқ-дәрілер жарыла бастады. Кем дегенде 10 жарылыс болған.

Жақын маңдағы ауылдардың 1 200-ге жуық тұрғыны қауіпсіздік мақсатында Таразға көшірілді. Оқиғадан кейін қорғаныс министрі болған Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетті, оның орнына Мұрат Бектанов тағайындалды. Қайғылы оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Жарылыс салдарынан 17 адам қаза болды.

Оқи отырыңыз:

 

Жаңалықтар
0