Оқиға

Теміртауда бір топ адамның аяусыз әрекеті видеоға түсіп қалды

© Photo : Pixabay / RepublicaТемір ұстаған адам, иллюстрациялық фото
Темір ұстаған адам, иллюстрациялық фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.09.2021
Жазылу
Оқиғаға куә болған көпқабатты үйдің тұрғындары айқайлап, полицияны шақырғандарын айтады

НҰР-СҰЛТАН, 15 қыркүйек – Sputnik. Теміртаудың Тәуелсіздік даңғылында орналасқан көпқабатты үйдің тұрғындарды түнде болған оқиғаны телефонға түсіріп, әлеуметтік желіге салып жіберді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Видеода жерде жатқан адам анық көрінеді. Бір жігіт оны темір битамен ұрып жүр. Жолдасы оны ұстап әкетеді. Ал басқалар екіншісіне жабылады. Жерде жатқан ер адам тұрғанда темір бита ұстаған жігіт қайтып келеді де, оны тағы ұрады.

Осы кезде көпқабатты үйдің тұрғындары айқайлап, полицияны шақырған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Темиртау | Казахстан (@temirtau.city)

Ал жергілікті полиция төбелестің видеосын әлеуметтік желіден көрген. Осы оқиға бойынша арыз-шағым түспепті.

Алайда аудандық полиция бөлімшесі Қылмыстық кодекстің 293-бабы, 2-бөлігі (Бұзақылық, адамдар тобы жасаған әрекет) бойынша тергеу шараларын бастады.

"Шұғыл іздестіру шаралары барысында төбелесті бастаған 16 жастағы жігіт анықталды. Ол өз кінәсін мойындады. Полиция оқиғаның мән-жайын және басқа қатысушыларын анықтауға кірісті", - дейді полицейлер.

Айта кетері, Қылмыстық кодекстің 293-бабы, 2-бөлігінде 5 000 АЕК-ке (14 585 000 теңге) дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, я болмаса, 1 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 5 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу не сол мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Оқи отырыңыз: Есінен танғанша ұрған: Павлодарда әйел күйеуінің қолынан мерт болды

Жаңалықтар
0