10:00 27 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD423.91
  • EUR497.37
  • RUB5.82
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
52 0 0

Жаралыс кезінде қаза болған әскери қызметкерлер мен өрт сөндірушілер І және ІІ дәрежелі "Айбын" орденімен марапатталды

АЛМАТЫ, 14 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысында оқ-дәрі қоймасының жарылысы кезінде қаза тапқан әскери бөлім қызметкерлері мен өрт сөндірушілерді марапаттау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорда.

"Әскери және қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі командирінің орынбасары (материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша) – материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Әлімбаев Саят Жанатұлы (марқұм) І дәрежелі "Айбын" орденімен наградталсын", - делінген жарлықта.

Сондай-ақ І дәрежелі "Айбын" орденімен Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 3 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Заикин Сергей Владимирович (марқұм), қорғаныс министрлігі № 28349 әскери бөлімі сақтау (инженерлік-оқ дәрілерді) бөлімшесінің бастығы – аға офицері Қырғызәлиев Ерлан Рысқұлбекұлы (марқұм) наградталды.

ІІІ дәрежелі "Айбын" орденімен наградталды:

Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы Әбілбек Әділет Қанатбекұлы (марқұм);

Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 4 өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы Кеңес Әліби Бексұлтанұлы (марқұм);

Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің автомобиль жүргізуші-қызметкері Қуатбек Ғафан Жомартұлы (марқұм);

Төтенше жағдайлар министрлігі Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі № 1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі-құтқарушысы Тұрманов Жәнібек Жасұзақұлы (марқұм).

Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бұған дейін Тоқаев жарылыс кезінде қаза тапқан 10 адамды мемлекеттік наградлармен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды.

Әскери бөлімдегі жарылыс

26 тамыз кешке Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймада өрт басталып, бір сағаттан кейін қоймада оқ-дәрілер жарыла бастады. Кем дегенде 10 жарылыс болған.

Жақын маңдағы ауылдардың 1 200-ге жуық тұрғыны қауіпсіздік мақсатында Таразға көшірілді. Оқиғадан кейін қорғаныс министрі болған Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетті, оның орнына Мұрат Бектанов тағайындалды. Қайғылы оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Жарылыс салдарынан 17 адам қаза болды.

Тақырып бойынша

Тараз түбіндегі жарылыс: желіде жантүршігерлік суреттер мен видеолар жарияланды
Тараз түбіндегі жарылыс: бүлінген үйлер 10 қарашаға дейін қайта қалпына келтіріледі
Жамбылдағы жарылыс: ауруханадан шыққан өрт сөндірушілер сұхбат берді
Тараз түбіндегі жарылыс: тағы бір өрт сөндіруші көз жұмды
Кілт сөздер:
жарылыс, Жамбыл облысы, марапат
Загрузка...

Басты тақырып