06:38 27 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD423.91
  • EUR497.37
  • RUB5.82
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
44 0 0

Қару-жарақ, оқ-дәрі, жарылғыш заттарды заңсыз сақтау және сату фактісінің көбі Алматыда тіркелген

НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек — Sputnik. Қазақстанда бір жылдың ішінде қару-жарақ, оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды заңсыз сатып алу, сақтау және сатумен байланысты құқық бұзушылықтар саны шамамен 43%-ке артты. Бұл туралы Ranking.kz зерттеуінде жазылған.

2021 жылдың қаңтар-шілдесінде қаруды заңсыз сатып алудың 874 фактісі тіркелген. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырған 42,6%-ке көп.

2019 жылдың жеті айында мұндай 833 жағдай, 2018 жылы – 818, 2017 жылы – 876 және 2016 жылы 1005 жағдай тіркелген. Сондықтан былтырғы карантин шектеулеріне байланысты қазақстандықтар қару-жарақты сирек сатып алды деп тұжырымдауға болады.

Қару-жарақ жамқыру және өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу

Қару-жарақ, оқ-дәрі, жарылғыш заттар жымқыру немесе бопсалау саласында 13 құқық бұзушылық тіркелді. Өткен жылы 40 факт тіркелген. Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу саны 28,6%-тен 63%-ке дейін өсті.

2021 жылдың басынан бері қару-жарақ, оқ-дәрі, жарылғыш заттарды күзету бойынша міндеттерді дұрыс орындамаудың бірде-бір фактісі тіркелмегенін атап өту керек. Ал 2019 жылдың қаңтар-шілдесі аралығында мұндай факті саны 4, 2018 жылы – 6, 2017 жылы – 1, 2016 жылы – 18 болған.

Алматыда қару-жарақ көп сатылған

Қару-жарақ, оқ-дәрі, жарылғыш заттарды заңсыз сатып алу, сақтау және сату аясындағы құқық бұзушылықтардың көбі Алматыда тіркелген: 140 факті анықталса, бұл өткен жылғыдан 2,1 есе көп. Сонымен қатар мұндай заңсыздықтар Шығыс Қазақстан облысы (100 жағдай) және Нұр-Сұлтанда (53 жағдай) анықталған.

Бұл сектордағы жымыру мен бопсалау Ақтөбе мен Алматы облыстарында тіркелген – әр өңірде 3 фактіден анықталған.

Осы саладағы өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу көбіне елордада анықталған: жыл басынан бері 18 жағдай – бұл былтырғыдан 80%-ке көп. Сол сияқты Солтүстік Қазақстан (9 факті), Ақтөбе (6 факті) және Атырау облыстарында да құқық бұзушылық тіркелген.

Жыл басынан бері Жамбыл облысында ішінде қару-жарақ, оқ-дәрі мен жарылғыш заттарды заңсыз сатып алу, сақтау және сатумен байланысты 40 құқық бұзушылық тіркелген.

Тараз маңындағы жарылыстар

26 тамыз кешке Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймада өрт басталып, бір сағаттан кейін қоймада оқ-дәрілер жарыла бастады. Кем дегенде 10 жарылыс болған.

Жамбыл облысында оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 17 адамға жетті. Олар азаматтық қорғау органдарының 10 қызметкері, қорғаныс министрлігінің 6 әскери қызметкері және бір әскери прокурор.

Жақын маңдағы ауылдардың 1 200-ге жуық тұрғыны қауіпсіздік мақсатында Таразға көшірілді. Оқиғадан кейін қорғаныс министрі болған Нұрлан Ермекбаев отставкаға кетті, оның орнына Мұрат Бектанов тағайындалды. Қайғылы оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Тақырып бойынша

Америкалық қару-жарақ тәлібтердің қолына қалай түсті?
"Бес мың кітап оқыдым": қырық жылдан бері қару-жарақ жасаған ұста кәсібінің құпиясын ашты
Қазан қаласындағы атыс: Қазақстанда қару-жарақ заңнамасына өзгеріс енгізіле ме
Алматыда жертөледен қару-жарақ арсеналы табылды: арнайы операция видеосы жарияланды
Кілт сөздер:
қару-жарақ, заң бұзу, статистика
Загрузка...

Басты тақырып