Оқиға

Қазақстанның солтүстігінде атыс болды: жаралылар мен қаза болғандар бар

© Sputnik / Владислав ВодневАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.09.2021
Жазылу
Ер адам жөндеу жұмыстарынан шыққан дау-жанжалдан кейін өз үйінің тұрғындарына оқ жаудырған

НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек – Sputnik. Қостанай облысының Лисаковск қаласында ер адам тұрғын үйлердің бірінде атыс ұйымдастырды. Салдарынан бірнеше адам жараланды, бір әйел қаза болды.

Төтенше жағдай сенбі, 11 қыркүйекте күндіз болды. Лисаковск полиция бөліміне 3-ші шағын ауданда белгісіз ер адам кіребіресте оқ атқаны туралы хабар түсті, деп хабарлайды өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жедел уәкілдер "мергенді" ұстау үшін бірден оқиға орнына аттанды. Полицейлер тұрғын үйдің кіреберісіне кірмек болғанда, ер адам оларға оқ атқан. Салдарынан тергеушілердің бірі жараланды.

"Полиция тұрғындардың қауіпсіздігі мен күдіктінің заңға қайшы әрекетін тоқтату үшін "Құқық қорғау қызметі туралы" заңның 61-бабына сәйкес қару қолдануға мәжбүр болды. Күдікті ұстау кезінде жараланды", - деп мәлімдеді департаменттегілер.

Полицейлер басын қатерге тігіп, қылмыскерді ұстады және зардап шеккендерге көмектесу үшін жедел жәрдем шақырды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ЛИСАКОВСК LIFE (@lisakovsk.life)

"Қылмыскер екі әйелді жаралаған, тәртіп сақшылары оларды үйдің кіребіресінен тапты. Күдікті полиция келгенге дейін "Сайга" қаруынан оқ атқан. Ұсталған ер адам аурухананың жансақтау бөлімінде жан тапсырды. Жарақат алған әйелдердің бірі де көз жұмды", - деді құқық қорғаушылар.

Қазіргі таңда қажетті тергеу амалдары жүріп жатыр. Прокуратура органдары қаруды қолдану заңдылығын зерделеуде.

Тергеу барысында көршілер арасында жөндеу жұмыстарына байланысты жанжал шыққаны анықталды. Ашуға булыққан 66 жастағы ер адам мылтықпен кіреберіске жүгіріп шығып, оқ жаудырған.

Жаңалықтар
0