13:24 28 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD423.95
  • EUR495.81
  • RUB5.84
Оқиға
Қысқа сілтеме алу
96 0 0

Бойжеткен жол бойындағы дәмханада аспаз болып жұмыс істеген. Ол тамыз айының соңында жоғалып кетті

АЛМАТЫ, 10 қыркүйек – Sputnik. Екі аптадан астам уақыт бұрын жоғалып кеткен Қостанай облысы тұрғынының денесі орман жолағынан табылды, деп хабарлайды өңірлік "Алау" басылымы.

Оқиға Денисов ауданы Перелески ауылында болған. Дәмханада аспаз болып жұмыс істейтін 19 жастағы Евгения Казарчук жұмыстан шыққаннан кейін 25 тамызда із-түссіз жоғалып кетті. Содан бері полиция мен еріктілер іздеді.

10 қыркүйекте оның денесі орман алқабында жұмысынан 150 метр қашықтықта табылғаны белгілі болды.
Полиция қылмыстық кодекстің 99-бабы ("Кісі өлтіру") бойынша іс қозғады.

Осыған ұқсас жағдай Шығыс Қазақстанда болған. 26 тамызда үш баланың анасы үйден шығып, жұмысқа барар жолда жоғалып кетті. Оның денесі жалғыз аяқ жолға жақын жерден табылды. Күдікті оның сөмкесі мен күміс әшекейлерін иемдену үшін әйелді өлтіргенін айтты.

Тақырып бойынша

Қостанайда қыздың басына әткеншек құлады – оқиғаның мән-жайы
Қаратауда өзіне қол салған шенеунік көлігінен қылмыстық іс қағазы табылды
Жамбыл облысында әкімдік қызметкерінің денесі табылды
Жамбыл облысындағы трагедия: жарылыс орнынан тағы бір адамның мәйіті табылды
Әйелін өлтіріп, денесін құдыққа тастады: қостанайлыққа сот үкімі шықты
Кілт сөздер:
Қостанай облысы, мәйіт
Загрузка...

Басты тақырып