Оқиға

Алматыда түнде болған жол апатында екі адам көз жұмып, бесеуі жарақат алды

© Sputnik / Стрингералматыдағы жол апаты
алматыдағы жол апаты - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2021
Жазылу
Қатты соққыдан екі көлік те ондаған метрге ұшып кеткен. Subaru шам бағанасын құлатып, тағы біреуіне соғылады

НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек — Sputnik. Алматыда түнде көлік апаты болып бес адам жарақат алып, екеуі көз жұмды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жол апаты Жандосов пен Шаймерденов көшелерінің қиылысында болған. 

© Sputnik / СтрингерЖандосов көшесіндегі жол апаты
Алматыда түнде болған жол апатында екі адам көз жұмып, бесеуі жарақат алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2021
Жандосов көшесіндегі жол апаты

Mitsubishi Carisma көлігі дүкен алдында тұрған, оның ішінде үш адам болған. 

© Sputnik / Стрингеркөлік бағанаға соғылды
Алматыда түнде болған жол апатында екі адам көз жұмып, бесеуі жарақат алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2021
көлік бағанаға соғылды

Сол уақытта Жандосов көшесімен жоғары жылдамдықта келе жатқан Subaru Legacy көлігі Шаймерденов көшесінің қиылысында рөлге ие бола алмай қарсы жолаққа шығып, дүкен алдында тұрған Mitsubishi көлігіне соғылды.

© Sputnik / Стрингержол апатында екі дам көз жұмды
Алматыда түнде болған жол апатында екі адам көз жұмып, бесеуі жарақат алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2021
жол апатында екі дам көз жұмды

Қатты соққыдан екі көлік те ондаған метрге ұшып кеткен. Сол уақытта Subaru шам бағанасын құлатып, тағы біреуіне соғылады.

Апат салдарынан Mitsubishi көлігіндегі 1985 жылғы жүргізуші мен 1987 жылғы жолаушы сол жерде көз жұмды. Бес адам  - Subaru көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы, Mitsubishi- де болған тағы бір жолаушы жарақат алды. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді. 

© Sputnik / СтрингерSubaru көлігінен виски алкогольдік ішімдігі табылды
Алматыда түнде болған жол апатында екі адам көз жұмып, бесеуі жарақат алды - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.09.2021
Subaru көлігінен виски алкогольдік ішімдігі табылды

Оқиға орнында полиция апаттың себебін анықтау үшін жұмыс істеп жатыр. Subaru көлігінен виски алкогольдік ішімдігі табылды. 

 

 

 

 

Жаңалықтар
0