Оқиға

Алматыда монша кешені отқа оранды – видео

© Photo : ДЧС АлматыБанный комплекс загорелся в Алматы
Банный комплекс загорелся в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2021
Жазылу
Керей мен Жәнібек хандар көшесіндегі моншада өрт шықты. Төтенше жағдай кезінде кешенде демалушылар болмаған

НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек – Sputnik. Алматыда монша кешені отқа оранды.

Қаланың төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өрт Медеу ауданында 5 қыркүйек сағат 7:49-да шыққан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Департамент по ЧС г.Алматы (@almaty_tjd)

""Ля купель" екі қабатты монша кешенінің өртеніп жатқаны анықталды. Ғимарат пеноблоктан жасалып, ағашпен қапталған. Жалынның өзге ғимараттарға ауысу қаупі болды", - деді төтенше жағдайлар департаментінде.

Өрттің жасырын ошағын табу үшін тепловизор қолданылған.

Ауданда су аз болғандықтан, "Алматы судан" қосымша су жеткізілді.

Ғимарат әкімшілігінің айтуынша, кешенде демалушылар болмаған. Өртті сөндіруге жеке құрамның 34 қызметкері, 8 техника күші жұмылдырылды.

Өрт сағат 9.58-де сөндірілді.

Жаңалықтар
0