Оқиға

Қарағанды облысында ойын алаңында 5 жасар баланы тоқ соқты

© Sputnik / Алексей Филиппов / Медиабанкке өтуГород Байконур
Город Байконур - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2021
Жазылу
Бұл балалар ойын алаңында жарақат алған алғашқы жағдай емес. Шілде айының ортасында астанада 13 жастағы баланы тоқ соққан болатын

НҰР-СҰЛТАН, 5 қыркүйек – Sputnik. Қарағанды облысында Ақсу-Аюлы елді мекенінің орталық саябағында бес жасар баланы тоқ соқты. 

Оқиға сенбі күні сағат 19.20-да Шет ауданында болған.

"Салдарынан баланың сол қолының саусақтары күйді. Ақсу-Аюлы аудандық ауруханасының дәрігерлері медициналық көмек көрсетті. Бала үйде ем қабылдауы үшін ата-анасына тапсырылды", - деп хабарлады Sputnik Қазақстанға Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қылмыстық кодекстің 306-бабы 2-бөлігі 1-тармағына сәйкес ("қауiпсiздiк талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе сату, жұмыстарды орындау не қызметтер көрсету") қылмыстық іс тіркелді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Бұл балалар ойын алаңында жарақат алған алғашқы жағдай емес. Шілде айының ортасында астанада 13 жастағы баланы тоқ соққан болатын.

Жаңалықтар
0